Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бектлеуова
01
август
2016
Бектлеуова
Бектлеуова Гүлназ Әлдибайқызы жоғары білімді, 2 санатты  бастауыш сынып мұғалімі.  2013 жылдан бастап № 53 мектеп-гимназиясында жұмыс істейді. Осы жылдар аралығында өзінің білімділігімен, еңбекқорлығымен көзге түсті. Оқушыларының қабілетін анықтап, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында әртүрлі деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастырудың шебері. Сыныбының білім сапасы тоқсан сайын, жыл сайын арта түсуде. Сол еңбегінің нәтижесінде бірнеше мақтау қағаздарымен мараппатталды.
Оспанова Гулсан Сатыбалдыевна
01
август
2016
Оспанова Гулсан Сатыбалдыевна
Оспанова Гулсан Сатыбалдыевна Жоғары білімді, 2 санатты мұғалім. 2011 жылдан бастап № 53 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде бастауыш сынып бойынша істеген жұмыстарының нәтижесі төмендегідей:          2014 ж. мектепішілік сынып жетекшілер байқауына қатысып, жүлделі орынға ие болып, аудандық  байқауға жолдама алды. Оқушылары әр түрлі мектепішілік, аудандық іс-шараларға қатысып, жетістіктерге жетіп
Алдибекова Оралхан Абитовна
01
август
2016
Алдибекова Оралхан Абитовна
Алдибекова  Оралхан Абитовна  1998 жылдан бастап №53 мектеп-гимназиясында  бастауыш сынып  мұғалімі  қызметін  атқаруда. Үнемі оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беріп отырады. Ата – аналармен қарым – қатынасы өте жақсы. Кішіпейіл, адал қызмет атқарады. П едагогикалық ұстанымы:  "Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Ақылың мен білімің екі жақтан”. Жеке әдістемелік тақырыбы: "Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру".
Турысбекова Жанар Дуйсенбековна
01
август
2016
Турысбекова Жанар Дуйсенбековна
Турысбекова Жанар Дуйсенбековна 1987 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылында дүниеге келген. 2005 жылы осы ауылдағы орта мектепті тамамдаған. 2015 жылдың қыркүйегінен бастап Алматы қаласы №53 мектеп-гимназиясында физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың түлегі, аталған университеттің магистранты. Оқушыларды олимпиадаға, ҰБТ-ға дайындайды. ҰБТ бойынша биылғы жылы физика пәнінен ортақ ұпайы - 17.  Қазіргі таңда оқушылардың физикадан білімін көтеруге
Бөденбаева Бибінұр Байсұлтановна
21
июль
2016
Бөденбаева Бибінұр Байсұлтановна
Боденбаева Бибинур Байсултановна  жоғары білімді, жоғары санатты, 20 жыл еңбек өтілі бар бастауыш сынып мұғалімі. 2006 жылдан бері № 53 мектеп - гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеп келеді. Осы мектепте бастауыш сынып оқушыларын білім нәрімен сусындатып, ең алғаш әліппені қолға ұстатқан оқушылары жан-жақты өнерлерімен, алған сапалы білімдерінің арқасында жоғары оқу орындарына тусіп, еңбектерінің жемісін жеуде. 2011 ж. қалалық, аудандық семинарларға қатысып, ерекше
Мукашева Ұлтай
21
июль
2016
Мукашева Ұлтай
Мукашева Ұлтай Қыдырмолдановна  Мукашева Ұлтай Қыдырмолдановна №53 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып  мұғалімі. 1999 жылы І. Жансүгіров атындағы  мемлекеттік Талдықорған  педагогикалық университетінің  бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі факультетін бітірді.   1999 жылдан бері аталған мектепте бастауыш сыныптарда сабақ береді. Еңбек өтілі-20 жыл. Жоғары санатты мұғалім . Жас ұрпақты  тәрбиелеуде талмай, ізденіс үстінде еңбек етуде. Сабақ беру