Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Өнеге отбасынан" ашық сабақ
12
февраль
2019
"Өнеге отбасынан" ашық сабақ
Өзін-өзі тану сабағынан "Өнеге отбасынан" тақырыбында мектебімізде ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың мақсаты: отбасының бір шаңырақта бірге өмір сүретін, бірін бірі жақсы көріп, бір-біріне көмектесетін туыстардан туратыны туралы түсініктерін кеңейту. Ата-анасына, туыстарына деген сүйспеншілік, бауырмалдылық, мақтаныш, сезімдеріне тәрбиелеу, отбасы мүшелерін ұлттық атаулармен атауға жаттықтыру.      
Ашық сабақ
11
февраль
2019
Ашық сабақ
География пәнінің мұғалімі: Шайқыслан Ерқасым Шайқысланұлы.
Ашық сабақтың тақырыбы:Демографиялық көрсеткіштер мен демографиялық жағдай ( ұлттық және діни құрам ).
Онкүндіктің аясындағы іс-шаралар
11
февраль
2019
Онкүндіктің аясындағы іс-шаралар
Биология пәнінің мұғалімі Азирбаева Қырмызы Ильясқызының "Буынның құрылысы мен қызметі" тақырыбында онкүндіктің аясында ашық сабақ өткізді.
"Қазақстан мейірімділік мекені"
30
январь
2019
"Қазақстан мейірімділік мекені"
Сынып жетекшілер «Туған елге тағзым», «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты тәрбие сағаттарын өткізуде.Халқымыз ежелден адам бойындағы асыл, абыройлы қасиеттерін көрсететін әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық іспеттес небір құндылықтарды насихаттап келгені белгілі. Осы орайда, біздің білім ордамызда «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасы бойынша мектептерде іс-шаралар жоспары құрылып, жұмыстар жасалуда.  
"Құқықбұзушылықтың алдын алу"
26
январь
2019
"Құқықбұзушылықтың алдын алу"
Оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру ,оның рухани әлемін байыту,сабаққа ынта жігерін арттыру, жеке дағдылығын дамыту – бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі. Өмірде дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге тәрбиелеу керек. Жас жеткіншектерді өмір талабына сай етіп даярлауға мектептің алатын орны өте зор. Сол себепті оқушылар тарапынан құқық бұзушылықтың , нашақорлықтың және есірткіге қарсы күрес, зиянды заттардың алдын алу үшін 2019 жылдың 25
Онлайн сабақ
21
январь
2019
Онлайн сабақ
Тоқыбет Жанар Байұзаққызы Оқушылар сарайында "Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу. Сәндік- қолданбалы өнер" тақырыбында 3 "А" сыныбына онлайн сабақ жүргізіді. Сабақ түрлі көрнекіліктермен, техникалық құралдар қолдану арқылы және оқушылардың белсенді қатысуымен өтті.
"Кітапханаға саяхат"
07
январь
2019
"Кітапханаға саяхат"
Бектілеуова Гүлназ Әлдибайқызы оқушыларын кітапханаға тарту, кітапты сүйіп оқуға тәрбиелеу, қысқы демалыстарын тиімді өткізу мақсатында №6 кітапханаға саяхат жасап келді. Оларға "Erketai.kz" сайтынан мультфильмдер көрсетілді."Сенің сүйікті кітабың" атты көрмесімен таныстырылды.    
Алаштың жас Көкжалдары
21
декабрь
2018
Алаштың жас Көкжалдары
ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Алаш арыстары мен Желтоқсан қаһармандарын еске алуға арналған "Алаштың жас Көкжалдары" атты Бокстан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Республикалық ашық турнирінде, біздің оқушылар: Қазкен Мұхит ,Бакубаев Данияр, Жұман Азамат, Рысқұлұлы Ғазиз, Ақбисенов Данияр, Айтмолданов Бауыржан және Нұрбапа Райымбек жүлделі I және II орындар алып,медальдармен және марапат қағаздарымен марапатталды. Сумазов Шабаз сізге және шәкірттеріңізге тек қана жеңістер тілейміз.      
"Үздік педагог-2018"
03
декабрь
2018
"Үздік педагог-2018"
Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай білім беру ұйымдарының педагогтарының арасында өткен "Үздік педагог-2018" атты республикалық байқауының жеңімпаздары мектебіміздің математика пәнінің мүғалімдері Дощанова Анипа Айткуловна және Кукиева Дина Джангирбаевна марапатталды.    
"Мектеп және колледж оқушылары арасындағы республикалық турнир"
15
ноябрь
2018
"Мектеп және колледж оқушылары арасындағы республикалық турнир"
Қостанайда өткен Мектеп және Колледж оқушылары арасындағы Республикалық турнирде біздің спортшыларымыз дәрежелі I-орындармен, кубиктер және мадақтама қағаздарымен марапатталды. Жарайсыздар. Жеңіс құтты болсын!