Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
III тоқсанның басталуымен құттықтаймыз!
17
январь
2022
III тоқсанның басталуымен құттықтаймыз!
Қымбатты оқушылар! Міне, қысқы демалыс аяқталып, жаңа тоқсанға аяқ бастық. Үшінші тоқсан - ең ұзақ тоқсан. Кімде-кім қысқа ғана екінші тоқсанда толық ашыла алмаса, енді әркім өзінің барлық күш-жігерін көрсете алуына толықтай мүмкіндік бар. Оқуда, қоғамдық өмірде және сыныптан тыс жұмыстарда өз мүмкіндіктеріңді көрсетіп, жетістікке жете беріңіздер!
“QABILET” ұлттық жобасының алғыс хаты
27
декабрь
2021
“QABILET” ұлттық жобасының алғыс хаты
“Алматы Дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы “QABILET” қызметі арқылы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының зияткерлік және жеке әлеуетін анықтау бағдарламасы аясында 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалауда қолдау көрсетіп, жемісті ынтымақтастық, табанды еңбек, кәсіби шеберлік көрсеткендері үшін және өскелең ұрпақтың зияткерлік, мәдени және адамгершілік дамуына бағытталған “QABILET” ұлттық жобасын арттыру жүйесіне белсенді
Аз қамтылған отбасыларға сыйлықтар
27
декабрь
2021
Аз қамтылған отбасыларға сыйлықтар
🎄🎄🎄Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл- сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Жаңа жыл мерекесі балалар үшін де ерекше. 🎄🎄🎄Таңғажайып тосын сыйларға құмартатын балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында ҚР-ның Білім басқармасы көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан 1-4 сынып аралығындағы 66 оқушыға тізім бойынша Жаңа жылдық сыйлықтар таратты. 🌟🌟🌟Жаңа жыл әрбіріміздің
“Ақбота”марафонынының жүлдегерлері
27
декабрь
2021
“Ақбота”марафонынының жүлдегерлері
Бүгін білім ордамызда түскі ауысымда оқитын оқушыларға арналған сап түзеу жиыны өтті. Жиында мектеп директоры “Ақбота”марафонынан жүлделі орын алған оқушыларды l,ll дәрежелі дипломдармен марапаттады. Сондай-ақ алдағы келе жатқан мерекеге байланысты от шашуға арналған қауіпсіздік ережелері де түсіндірілді.
Айналайын, абайла!!!
26
декабрь
2021
Айналайын, абайла!!!
Құрметті, ата-аналар және оқушылар!!! Жаңа жыл қарсаңында сатылымға шығатын жарылғыш заттарды немесе жаңа жылдық от шашу заттарын қолданбауларыңызды және мүлде сатып алмауларыңызды сұранамыз!!!!
Тоқыбет Жанар Байұзаққызының жетістігі
26
декабрь
2021
Тоқыбет Жанар Байұзаққызының жетістігі
ҚР Білім және ғылым министрлігі республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі және оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге сараптама жүргізуде жоғары кәсібилік пен белсенділік танытқаны үшін мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Тоқыбет Жанар Байұзаққызы аталған орталықтың директоры Е. Нұрлановтың алғыс хатымен марапатталды. 🔥🔥🥰Құтты болсын, Жанар Байұзаққызы!!!👏🏻👏🏻👏🏻  
1-сынып оқушылары
25
декабрь
2021
1-сынып оқушылары
Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндер бүгінде білім нәрімен сусындап, тұлға болып қалыптасуға бағдар алуда.  Сынып жетекшісі: Мамырбаева Майгүл Жұмажанқызы