Мектеп тарихы » №53 мектеп, Алматы қ. | №53 Школа г. Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
октябрь
2020

Мектеп тарихы

1963 жылы іргетасы қаланған #53 мектептің өз тарихы, өз жүріп өткен тарихы бар. Кеңес үкіметі кезінде дүрілдеп нәтиже беріп тұрған атақты мектептердің бірі болған. Тіпті, 1990 жылдары қала, республика деңгейінде іс-тәжірибелері насихатталып, қаладағы мектептердің алдыңғы қатарында тұрды.
Тәуелсіздіктің екпіні мен жылы лебі бұл мектепті де айналып өтпеді. Іштен қощғаушы, сырттан дем беруші күштің ықпалы мектептің жаңа бағытқа қарай жылжуына әсер етті.
Мектеп 1998 жылы алғаш қазақ балаларына амалсыз есігін ашты. Сөйтіп 1998 жылы 1 қыркүйекте 28 қара домалақ жүздеген сары балапандармен бірге мектеп табалдырығын аттады.
1-сынып мұғалімі Жазира Мұқашова тұңғыш қазақ тілді ұстаз ретінде мектеп тарихында аты жазылды. Жылдан жылға қазақ сыныптары ақырындап көбейіп жатты. Мектеп аралас мектеп статусында жұмыс жасап тұрды. Бұл үрдіс 2008 жылға дейін созылды.
Қазір #53 мектеп - гимназия деген атағы бар. Аудандағы белді мектептің біріне айналды. Осы аз уақыт арасында балаларының білім деңгейі бір де бір рет төмендемеді. Тек алдыңғы шептен орын алды. Ал түлеп ұшқан шәкірттеріміз отансүйгішімен, терең білімімен қоғамның әр саласында қызмет етуде.
Мысалы 2000 оқу жылының түлегі Ақтанжанов Медет Қабидолданович ҚР финанс министрлігінде мемлекеттік бюджет ұйымында департамент директоры. Лауазымы жоғары қызметкер.
Мектебіміздің 2004 жылғы түлегі Жанат Бақыт - тіл жанашыры, белгілі журналист. Ел жанашыры, өз пікірін ашық айта алатын, өз мүддесін ел мүддесін жоғары қоя алатын тұлға екенін байқатып жүр.
Мектебіміздің 2007 жылғы түлегі Өмірбекова Арайлым Амангелдіқызы.
Арайлым мектеп қабырғасында жүргенде қалалық, республикалық байқаулардың бас жүлдесін мектеп қанжығасына байлап, мектеп мәртебесін асқақтатып тұрды. Терең білімімен, өжеттігі және ұлт құндылығынан сусындаған Арайлым өз ортасынан оқ бойы озық тұрды. Кезінде Президент Назарбаевтың, ҰҚК бастығы Карим Масимовтың алдына дейін барып тіл мәселесін қозғай алған Арайлымды біреу білсе, біреу білмейді. Арайлым қазір Қ.И. Сәтбаев атындағы техникалық университетінің проректоры қызметін атқаруда.
Мектебіміздің 2011 жылғы түлегі Бейсембай Назерке де мектеп қабырғасында жүргенде Болгарияда өткен ПРИМОРЬЕ - 2008 халықаралық этнографиялық фестиваліне қатысып, лауреат атанды. Қазір өзі түлеп ұшқан мектебінде мықты маман-ұйымдастырушы қабілетімен байқалуда.
Мұзартлайф жобасында елді елең еткізген әнші Әзиз Балтабекұлы да біздің түлегіміз. Осындай тұлғалардың артында жастар жүрегіне от жаға алатын, ұлы дүбірге үн қоса алатын тұлға дайындай алатын ұстаздардың тұрғаны айтпаса да түсінікті.

Похожие публикации:

01 сентябрь 2019 "Алғашқы қоңырау"
01 август 2016 Амангелдиева
01 август 2016 Елемес Ақылбек
24 октябрь 2015 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив