Кітапхана » Страница 2 » №53 мектеп, Алматы қ. | №53 Школа г. Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Рухани құндылық-ұлт мүддесі» қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі аясында 6-7 сыныптар арасында өткен «Мен тәуелсіз елдің ұрпағымын» эссе байқауы өтті
15
декабрь
2023
«Рухани құндылық-ұлт мүддесі» қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі
https://www.instagram.com/p/C1CjSXGIbGF/?img_index=1 ✅ «Рухани құндылық-ұлт мүддесі» қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі аясында 6-7 сыныптар арасында өткен «Мен тәуелсіз елдің ұрпағымын» эссе байқауында  🏆 БАС ЖҮЛДЕНІ 7 «Ә» сынып оқушысы Берікқызы Азиза, 🥇 І ОРЫН 7 «А» сынып оқушысы  Қайрат Хазірет, 🥈ІІ ОРЫН 6 «Ә» сынып оқушылары Абибулла Інжу, Бақберген Назерке, 7 «Ә» сынып оқушысы Амангелді Ұлдана,  🥉ІІІ ОРЫН 6 «А» сынып оқушысы Ақылбекова Қызжібек,  7 «А» сынып оқушылары Тұрсынақын
“Мен Тәуелсіз елдің ұрпағымын!” тақырыбында 6-7 сынып оқушылары арасында эссе байқауы өтті.
12
декабрь
2023
“Мен Тәуелсіз елдің ұрпағымын!” тақырыбында 6-7 сынып оқушылары
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі аясында “Мен Тәуелсіз елдің ұрпағымын!” тақырыбында 6-7 сынып оқушылары арасында эссе байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: оқушы бойына патриоттық тәрбие мен отанға деген сүйіспеншілікті ояту, қанмен келген қастерлі Тәуелсіздігіміздің қасиетін ұғындыру; Байқауға 20-дан астам оқушы қатысты.  Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!!!✊🏻 Ұйымдастырушы: Еркінбек Балғын Кәрімбергенқызы
«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды.
11
декабрь
2023
«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара
Абай ат. ҚазҰПУ іс-тәжірибеден өтуші студенттерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты: Жас ұрпаққа тарихымыздағы қасіретті күннің бүгінгі азат күнге жетуімізде қаншалықты маңызды орын алатынын, сол азаттық жолында құрбан болған азаматтарды таныстыра отырып, оларды еске алып, тәуелсіздік күнінің маңызын ұғындыру.
"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында дөңгелек үстел өткігзілді.
11
декабрь
2023
"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында дөңгелек үстел өткігзілді.
9-желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай тарих пәні мұғалімдері Тлепбергенова А.М., Нұрахимова Ж.Ф. 10 "А" сыныбымен "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: «Сыбайлас-жемқорлық» ұғымын түсіндіріп, құқықтық сауаттылығын арттыру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. https://www.instagram.com/p/C0lrN4UyD-E/?img_index=1
Психолог, оқытушы Сүлеймен Самал Бейқұтқызымен “Зорлық-зомбылықтың алдын алу” тақырыбындағы кездесуінде болды.
07
декабрь
2023
Психолог, оқытушы Сүлеймен Самал Бейқұтқызымен “Зорлық-зомбылықтың
https://www.instagram.com/p/C0lbHesokwC/ Оқушыларымыз 25-қараша мен 10-желтоқсан аралығында “Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес” атты 16 күндік іс-шара аясында 6 кітапханада психолог, оқытушы Сүлеймен Самал Бейқұтқызымен “Зорлық-зомбылықтың алдын алу” тақырыбындағы кездесуінде болды. Кездесуде зорлық-зомбылықтың түрлері, салдары, көрсетілетін кемек түрлері айтылды. Сонымен қатар жағдаяттық ойындар ойнатылып, мультфильм форматында түсірілген бейнеролик керсетілді.
№53 МГ "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында және "Алматы мектебі" бағдарламасына негізделген "Функционалды сауатты ұрпақ-ұлт болашағы" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абиыр А.Б. бастамасымен қалалық семинар өткізілді.
29
ноябрь
2023
№53 МГ "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында және "Алматы мектебі"
Медеу ауданы №53 мектеп-гимназиясында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында және "Алматы мектебі" бағдарламасына негізделген "Функционалды сауатты ұрпақ-ұлт болашағы" тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинардың басты мақсаттары: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Сонымен қатар заман талабына сай жан-жақты, зерделі, талантты, дарынды, табысты әрекетке дайын, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.
📚 5 және 7-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Кітап оқып жарысайық!» атты кітап оқу сайысында өзінің алғырлары мен зеректерін анықтады 🥇
21
ноябрь
2023
📚 5 және 7-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Кітап оқып
📚 5 және 7-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Кітап оқып жарысайық!» атты кітап оқу сайысында өзінің алғырлары мен зеректерін анықтады 🥇 🥇 7 «Б» сынып оқушысы Адай Динара 1 ОРЫН,  🥈 5 «Ә» сынып оқушысы Мурат Бекет және  6 «А»сынып оқушысы Әри Рахима 2 ОРЫН, 🥉 6 «А» сынып оқушылары Ақылбекова Қызжібек, Алханбайқызы Раян және  6 «А» сынып оқушысы Молдан Кәусар 3 ОРЫН иеленді 🥳 #bilimbaigesi  #оқуғақұштармектеп 
"Өнер туындысы-өмірді түсінудің кілті атты" оқушылар арасында айтыс өтті.
24
октябрь
2023
"Өнер туындысы-өмірді түсінудің кілті атты" оқушылар арасында айтыс
Бүгін білім ордамызда "Өнер туындысы-өмірді түсінудің кілті атты" оқушылар арасында айтыс өтті. Айтыс – ғасырлар жемісі, ұлттық құндылығымыз екенін оқушылар тағы да түсінді. #1тоқсан #АҚЫНДАРАЙТЫСЫ
Кітапханашылар күнімен құттықтаймыз!
24
октябрь
2023
Кітапханашылар күнімен құттықтаймыз!
📚 Құрметті Үміт Айтақыновна, сізді бүгінгі кәсіби мерекеңіз, кітапханашылар күнімен құттықтаймыз!  ❤️ Барлық білімнің бастауы кітапхананы нұрландырып, балаларға ерекше жылулық төгіп, ұжымда белсенді болып жүресіз. Еңбегіңіз жемісті, деніңіз сау болсын. Мектеп ұжымында өзіндік орны бар ерекше байыпты, оқушыларымыздың сүйікті кітапханашы апайысыз. Ортамызда жарқырап, жайнап жүре беріңіз!