Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Тапқыр болсаң, озып көр" интеллектуалды ойыны өтті.
28
сентябрь
2022
"Тапқыр болсаң, озып көр" интеллектуалды ойыны өтті.
Шындықтың шырақшысы, халық жазушысы Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай 8-9 сыныптар арасында "Тапқыр болсаң, озып көр" интеллектуалды ойыны өтті. Ойын өте тартысты болды, оқушылар мақал-мәтел, нақыл сөздер, салт-дәстүрге байланысты тапсырмаларды орындап, өз білімдерін ортаға салды. Оқушылар топта жұмыс жасап, ұйымшылдықтарын көрсетті.
Almaty Sifrlyq Mektebi платформасын қолдануға ынталандыру мақсатында тренинг ұйымдастырды.
27
сентябрь
2022
Almaty Sifrlyq Mektebi платформасын қолдануға ынталандыру мақсатында
Оқытушыларды Almaty Sifrlyq Mektebi платформасын қолдануға ынталандыру мақсатында тренинг ұйымдастырды. Тренингке математика, химия, биология, физика, география, ағылшын және қазақ тіл мұғалімдері қатысты.
10 «Ә» сыныбында «Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім» тақырыбында іс-шара өткізілді.
27
сентябрь
2022
10 «Ә» сыныбында «Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім» тақырыбында іс-шара
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі бағыты бойынша 10 «Ә» сыныбында «Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім» тақырыбында іс-шара өткізілді. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, кітапханадан табамыз. Оқушылар жаз бойы оқыған кітаптарымен ой бөлісіп, сыныптастарына оқуға кеңес берді. #оқуғақұштармектеп
Психологтар диагностикалық жұмыстар мен тренингтер жүргізді.
26
сентябрь
2022
Психологтар диагностикалық жұмыстар мен тренингтер жүргізді.
Психолог жоспарына сәйкес қыркүйек айында мектебімізге жаңадан келген оқушылардың ортаға бейімделуін анықтау және көмектесу мақсатында балаларға түрлі диагностикалық жұмыстар мен тренингтер жүргізілді. Арнайы сабақтар оқушылардың көңілінен шықты.  Психологтардан балаларға берілген кеңес: тәннің сұлулығына ең шипалы дәрі — сергектік пен жайдарлы көңіл күй. Баланың ынтасыда дәл осы дүниелермен бір істі қызықты жасап, ортаға тез бейімделуге болады.
Ұланбасын сайлауға арналған комиссия өз жұмысын аяқтады.
23
сентябрь
2022
Ұланбасын сайлауға арналған комиссия өз жұмысын аяқтады.
Мектебіміздегі маңызды оқиғалардың бірі мектеп ұланбасын сайлауға арналған комиссия өз жұмысын аяқтады.Мектеп директоры Омишова Асем Нурмуханбетовна, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Аргынбаев Арман Токтасынович, мектеп оқытушысы Абдымомунова Айнур Касымбековна және өзін-өзі басқару ұйымының экс-Президенті, 11 - сынып оқушысы Бекжанулы Еркебулан, 10 - сынып оқушысы Молдан Хайруддин, 9 - сынып оқушысы Туруспеков Нурбек мүше болған комиссия сайлау жәшігін ашып, ұланбасыға
«Мен, жол жүру ережелерінің 7 бағытын білемін»
22
сентябрь
2022
«Мен, жол жүру ережелерінің 7 бағытын білемін»
Тақырыбы: «Мен, жол жүру ережелерінің 7 бағытын білемін» Уақыты:  05-22.09 2022ж.  Жауапты ұстаздар:4 «Ә» Утекаева Г., 4 «А» Тоқтақын Т., 4 «Б» Табеева А. М ақсаты: 1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру. 2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету. 3. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру. Сөздік қорларын байыту. Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек екендігі. «Сақтансаң
Аргынбаев Арман Токтасыновичке белсенділігі үшін сертификат табысталды.
22
сентябрь
2022
Аргынбаев Арман Токтасыновичке белсенділігі үшін сертификат
Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушылары мен студент жастар арасындағы есірткінің алдын алу және оларды шешу мақсатында ҚР ІІМ есірткі қылмысы департаменті басқармасының бастығы Амирханов Бахытжан Кадырбекович семинар-тренинг өткізіп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аргынбаев Арман Токтасыновичке белсенділігі үшін сертификат табысталды.
Бiлiмiндегi олқылықтарды анықтау мақсатында 5-11-сынып оқушылары арасында testter.kz платформасы арқылы сынақ (тест) алды
22
сентябрь
2022
Бiлiмiндегi олқылықтарды анықтау мақсатында 5-11-сынып оқушылары
Қалалық білім берудегi жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы бiлiм алушылардың бiлiмiндегi олқылықтарды анықтау мақсатында 5-11-сынып оқушылары арасында testter.kz платформасында сынақ (тест) алу жоспарланған болатын. Тест тапсырмалары 2021-2022 оқу жылының 4-тоқсанның бiлiм беру бағдарламасы бойынша ұсынылды. Бүгінгі сынақтың бірінші кезеңінде 6 және 8 сынып оқушылары тапсырды.
“Шабыт” ИПК АПФ форматында көрсетілім ойын өткізді.
21
сентябрь
2022
“Шабыт” ИПК АПФ форматында көрсетілім ойын өткізді.
Парасатты ұрпақ ел болашағы! Өзін-өзі басқару ұйымы мен іс-тәжірбиеден өтіп жүрген ҚазҰПУ - дың студенттері бірлескен топ кезекті “Шабыт” интеллектуалды пікірсайыс клубы АПФ (Американдық Парламенттік) форматында көрсетілім ойын өткізді. 6 фракция бақсынасып, БП. Қазақстандағы парасатты ел болу жолын көрсетеді деген қарарда ойын өрнегін көрсетті. #өзінөзібасқару #школыноесамоуправление