«Ақ көгершін» жазғы лагері туралы ата-ана пікірлері
🏕️ 5-16 маусым аралығында балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында бастауыш сыныбынан «Ақ көгершін» жазғы лагері құрылған болатын. 🎡 10 күн ішінде балалар хайуанаттар саябағына, мұражайға, аттракционға, саябақтарға, кітапханада болды. Мектеп қабырғасында музыка, ағылшын және тағы басқа сабақтар өткізіліп, жаттығулар, билер биледі. Балаларда жаңа орта, жаңа достар пайда болды. 🏡 Ата-аналар мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге өздерінің ыстық ықыласы мен алғысын білдірді 👉🏻