Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Тапқыр болсаң, озып көр" интеллектуалды ойыны өтті.
28
сентябрь
2022
"Тапқыр болсаң, озып көр" интеллектуалды ойыны өтті.
Шындықтың шырақшысы, халық жазушысы Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай 8-9 сыныптар арасында "Тапқыр болсаң, озып көр" интеллектуалды ойыны өтті. Ойын өте тартысты болды, оқушылар мақал-мәтел, нақыл сөздер, салт-дәстүрге байланысты тапсырмаларды орындап, өз білімдерін ортаға салды. Оқушылар топта жұмыс жасап, ұйымшылдықтарын көрсетті.
Ұланбасын сайлауға арналған комиссия өз жұмысын аяқтады.
23
сентябрь
2022
Ұланбасын сайлауға арналған комиссия өз жұмысын аяқтады.
Мектебіміздегі маңызды оқиғалардың бірі мектеп ұланбасын сайлауға арналған комиссия өз жұмысын аяқтады.Мектеп директоры Омишова Асем Нурмуханбетовна, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Аргынбаев Арман Токтасынович, мектеп оқытушысы Абдымомунова Айнур Касымбековна және өзін-өзі басқару ұйымының экс-Президенті, 11 - сынып оқушысы Бекжанулы Еркебулан, 10 - сынып оқушысы Молдан Хайруддин, 9 - сынып оқушысы Туруспеков Нурбек мүше болған комиссия сайлау жәшігін ашып, ұланбасыға
«Мен, жол жүру ережелерінің 7 бағытын білемін»
22
сентябрь
2022
«Мен, жол жүру ережелерінің 7 бағытын білемін»
Тақырыбы: «Мен, жол жүру ережелерінің 7 бағытын білемін» Уақыты:  05-22.09 2022ж.  Жауапты ұстаздар:4 «Ә» Утекаева Г., 4 «А» Тоқтақын Т., 4 «Б» Табеева А. М ақсаты: 1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру. 2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету. 3. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру. Сөздік қорларын байыту. Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек екендігі. «Сақтансаң
Мектеп әкімшілігі 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізді.
21
сентябрь
2022
Мектеп әкімшілігі 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс
Мектеп әкімшілігі 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізді. Ұлттық біріңғай тестілеу мәселесі аясында мектеп директоры Омишова Асем Нурмуханбетовна ата-аналармен кездесу барысында оқушылардың өзі ұнатқан мамандықты таңдау, жас түлектерге психологиялық көмек көрсету, мектеп қабырғасында ҰБТ -ға дайындық барысын күшейту секілді тақырыптарды қозғады. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кунишбаева Гульнар Нуржумаевна оқушылардың, сыныптардың балдық деңгейін, өткен жылдағы
“Шабыт” ИПК АПФ форматында көрсетілім ойын өткізді.
21
сентябрь
2022
“Шабыт” ИПК АПФ форматында көрсетілім ойын өткізді.
Парасатты ұрпақ ел болашағы! Өзін-өзі басқару ұйымы мен іс-тәжірбиеден өтіп жүрген ҚазҰПУ - дың студенттері бірлескен топ кезекті “Шабыт” интеллектуалды пікірсайыс клубы АПФ (Американдық Парламенттік) форматында көрсетілім ойын өткізді. 6 фракция бақсынасып, БП. Қазақстандағы парасатты ел болу жолын көрсетеді деген қарарда ойын өрнегін көрсетті. #өзінөзібасқару #школыноесамоуправление
Қыздармен жиналыс
20
сентябрь
2022
Қыздармен жиналыс
“Қызды қырық үйден тыйым” деп ата-бабамыз айтпақшы білім ордамыздың қыздарымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Жиганбаева М.К. жиналыс өткізді. Жиналыс барысында қыздар кеңесінің төрайымы сайланып жұмыс жоспарымен таныстырылды. #өзінөзібасқару #школыноесамоуправление
"Шабыт" ИПК алғашқы жиналысы өтті
17
сентябрь
2022
"Шабыт" ИПК алғашқы жиналысы өтті
Мектебіміздегі “Шабыт” интеллектуалды пікірсайыс клубы биылғы оқу жылының алғашқы жиналыстарын өткізді. Тәрбие бөлімі қызметкерлері мен іс-тәжірбиеден өтіп жүрген ҚазҰПУ - дың студенттерімен бірлескен топ 8,9,10 сынып оқушыларына пікірсайыстың алғышарттарын үйретті.