29
апрель
2019
Наурыз-думан
Жалпы, қазақ дәстүрінің қайсыбір салтын алсақ та, аса құнды мағынаға ие екенін аңғарамыз. Мәселен, қазақта молшылықтың, ырыс- берекенің, қуаныштың белгісі ретінде шашу шашылып, тойдың көркін қыздыра түскен. Осы салтты берік ұстанған №53 мектеп- гимназияның ұлағатты ұстаздары қазақы үлгідегі ақ жаулықпен алаңға топ құра шығып, дүйім жұртқа шашу шашып, той-думанның ажарын кіргізді.
Ал, «Алас, алас,
Мың бір пәледен алас,
Жүз бір қатерден алас»,- деп арша иісін аңқыта өткен мектебіміздің ұстаздары тазалық пен амандықтың кепілі ретінде пәле- жала жерге енсін деген ниетпен халық арасын аршамен аластап өтті.
Мерекелік думанымыз әрі қарай ән-бимен жалғасты.