Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жетістіктеріміз!
11
март
2021
Жетістіктеріміз!
Алматы қаласы Білім Басқармасының "Алматы Дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастыруымен өткен "Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар...." атты Мұқағали оқуларының жүлдегері #53 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Ермекбаева Эльмира III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Бейсембай Назерке Сәбитқызы. Жарайсыздар! 👏 Жеңіс құтты болсын 💐💐❤ ✔@edu.almaty ✔@akimat_almaty ✔@akimat_medeu ✔@medeu_roo ✔@almatydaryny
Ақпарат
10
март
2021
Ақпарат
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің қолдауымен халықпен тікелей қарым-қатынаста қызмет жасайтын мемлекеттік қызметкерлерге, оның ішінде оқушылармен тікелей жұмыс жасайтын мектеп мұғалімдеріне тегін вакцина салу рәсімі жалғасуда. Короновирус инфекциясына қарсы  вакцинаның бірінші компонентін мектебіміздің директоры Омишова Асем Нурмуханбетовна  қабылдады. Ол өзін жақсы сезінетінін, кері әсерлері болмағанын жеткізді. Бүгін №53 мектеп-гимназиясының 10 педагогы ерікті түрде
"Ұрпақ сабақтастығы" іс-шара
04
март
2021
"Ұрпақ сабақтастығы" іс-шара
Мектебіміздің ардагер ұстазы, Білім беру ісінің үздігі, қазақ тілінің жанашыры, педагог-зерттеуші, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шестаева Жаңылхан Сейткалиевна биылғы жылғы түлектеріміз, 11 "Ә" сыныбымен " Ұрпақ сабақтастығы" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс-шара барысында оқушылар Мағжан Жұмабаев шығармаларын шетел әдебиетімен салыстырып, ортақ ойды анықтап, талдау жұмысын жүргізді. Сонымен қатар Мағжан ақынның ұрпақтары ретінде мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары өз
Хабарландыру!
03
март
2021
Хабарландыру!
🔴Хабарландыру!📢📢 Ата-аналар назарына❗❗ ✅Биылдан бастап балаларды бірінші сыныпқа қабылдау құжаттарын "Bilimportal.kz"  Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы тапсыруға болады.  ✅Құжаттарды 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында Egov.kz арқылы электронды түрде, болмаса ХҚКО-ға не мектепке барып тапсыруға болады. Egov.kz порталында құжат 1 сәуірден бастап 1 тамызға дейін қабылданады. ✅Ата-аналар порталдың "Білім", "Орта білім" бөлімдеріне кіріп, өтініш беруі тиіс. Оған мектепке қажетті құжаттарды қоса
"Директорлық сенбі - ата-ана үні "
02
март
2021
"Директорлық сенбі - ата-ана үні "
«Директорлық сенбі – ата-ана үні» онлайн-кездесу Қашықтан оқыту жағдайында балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселелерінде, құқық бұзушылық пен суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, сондай-ақ «мектеп – бала- ата-ана» қарым-қатынасы мен өзара ықпалдасуына қатысты психологиялық – педагогикалық  қолдау бойынша барлық толғандыратын мәселелерде ата –аналарға пәрменді көмек көрсету мақсатында №53 мектеп-гимназиясында 6,7,8-сыныптың ата-аналарымен  2021 жылдың 27 ақпан күні «Директорлық сенбі –
"Алғыс айту күні"
02
март
2021
"Алғыс айту күні"
Туған жерге мың алғыс! Болдым ғашық,туған дала,мен саған, Жақын жүрсем,мен-төрінде жаннаттың, Алтын діңгек – өзім туған босағам! деп  Қасым Аманжолов туған еліне, жеріне алғысын жолдағандай, біздің мектеп-гимназия оқушылары да өз туындыларын ортаға салды. 1 Наурыз алғыс айту күніне орай бастауыш сынып оқушылары «Туған еліме мың алғыс» атты сурет көрмесін ұйымдастырды. #алғысайтукүні #53мектепгимназия#қашықтықтаноқыту #құттықтау #тәуелсіздікке30жыл @edu.almaty @akimat_almaty @akimat_medeu
"Алғыс айту күні"
01
март
2021
"Алғыс айту күні"
1 наурыз күні мектебімізде «Алғыс айту күні» аталып өтілді. Себебі «Алғыс айту күні» еліміздің татулығы мен бейбітшілігін сақтауда және де еліміздегі ұлттар достығын нығайтуда орны ерекше. Алғыс айту күні мектебімізде оқушылар мен қызметкерлердің бір- біріне алғыс айтуынан басталды. Мектеп директоры Омишова Асем Нурмуханбетовна және мектеп әкімшілігі кіші кызметкерлерді мерекелерімен құттықтап, алғыс хат тарту етті. #53мектепгимназия #алғысайтукүні #алғысхат #мыңалғыс @edu.almaty @akimat_almaty
Жетістіктеріміз!
27
февраль
2021
Жетістіктеріміз!
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен  қалалық пәндік олимпиадасында  география пәні бойынша мектеп-гимназиямыздың дарынды оқушылары бақ сынап, жүлделі I, II, III орындарды иеленді. Алда алар саулары әлі де көп. Жеңістерің құтты болсын! @almatydaryny @edu.almaty @akimat_medeu @medeu_roo
"Ана тілі  - құламайтын бәйтерек" атты онкүндік
26
февраль
2021
"Ана тілі - құламайтын бәйтерек" атты онкүндік
"Ана тілі- құламайтын бәйтерек" тақырыбындағы онкүндік барысында ақпан айының 26 күні қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі  Меруерт Бекеновна 9 "Ә" сыныбының қазақ әдебиеті пәнінен Ғ.Мүсіреповтың "Ұлпан" романындағы Ұлпан бейнесі тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақ барысында романды егжей-тегжейлі талқылады. Бұл романның тәрбиелік мәні мен жастарға деген автордың айтар ойын, әр оқушының түсінгені бойынша талқылап, ортақ қорытынды жасалды. @edu.almaty @akimat_almaty @akimat_medeu
Онкүндік жалғасуда....
26
февраль
2021
Онкүндік жалғасуда....
"Ана тілі  - құламайтын бәйтерек" атты қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігінің онкүндігі аясында, тіл майталманы, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ибраймкулова Гауһар Нурдановна "ZOOM" платформасында онлайн форматта  "Бұқаралық ақпарат құралдары" тақырыбында 9 "Б" сынбымен  ашық сабақ өткізді. Сабақ жоғары деңгейде өтті. #53мектепгимназия #ашықсабақ #онкүндік #қашықтықтаноқыту #қазақтіліонкүндігі @edu.almaty @akimat_almaty @akimat_medeu @medeuustaz @medeu_roo