Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мұқамғали Дулат Тілепалдыұлы,
16
декабрь
2021
Мұқамғали Дулат Тілепалдыұлы,
👏🏻👏🏻👏🏻Мектебіміздің АӘД пәні мұғалімі Мұқамғали Дулат Тілепалдыұлын аудандық “Ұстаз” кәсіподағы Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен арнайы құттықтады. “Сізді ұлық мереке- Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, бақыт, игілік және алдағы жұмысыңызда тек шығармашылық табыс пен жаңа жобалар мен идеялардың жүзеге асырылуын тілейміз!”- делінген құттықтау хатта. 🎉🎉🎉Мұқамғали Дулат Тілепалдыұлы, жетістігіңіз құтты болсын!  
9 "Ә"  сыныбының құттықтауын қабыл алыңыздар!
16
декабрь
2021
9 "Ә" сыныбының құттықтауын қабыл алыңыздар!
Жыл сайын Тәуелсіздігімізді тойлаған сайын есімізге дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің түсетіні анық. Арада қаншама жылдар өтсе де ұмытылмайтын оқиғалардың бірі, себебі оның халық тағдырымен тікелей байланыстылығында. Қазақстаның еркіндігі мен игілігі жолында батырлық пен патриоттық үлгісін көрсетіп алаңға шыққан өрімдей жастарымыздың өздерін жаппай соққыға жығып, қақаған аязда мұздай су шашқанына, темір сымның, арматурамен соққының
Мектебімізөдің психолог мамандары
15
декабрь
2021
Мектебімізөдің психолог мамандары
📙📙📙Мектебіміздің психолог мамандары Кошниязова Гүлсая мен Сади Айнұр дарынды оқушылармен әр түрлі әдіс- тәсілдер арқылы тренингтер жүргізеді.Мақсаты: Тренингтер жүргізу арқылы оқушыларды сайыстарға жігерлендіру, оларға мотивация беру.  
Нұрғазы Бағдаттың қорғаған ғылыми жобасы
15
декабрь
2021
Нұрғазы Бағдаттың қорғаған ғылыми жобасы
11.12.2021 жылы Алматы қаласында 5-7 сыныптар арасында “Зерде” ғылыми жоба байқауы өтті. Осы сайысқа “Ұржар ханшайымы” құнды тарихи жәдігер” зерттеу жұмысымен 6 “А” сынып оқушысы Нұрғазы Бағдат қатысып жүлделі 2 орын иегері атанды. Ғылыми жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Айтуганова Лязат Кажибаевна
Әзиз Бибінұрдың қорғаған ғылыми жобасы
15
декабрь
2021
Әзиз Бибінұрдың қорғаған ғылыми жобасы
✅Қалалық ғылыми жобалар байқауында тарих пәні бойынша Әзиз Бибінұр I орынды жеңіп алды. Тақырыбы: "XVIII-XIX ғғ. Орыс саяхатшылары мен зерттеушілері еңбектеріндегі қазақ балаларының күнделікті өмірі". Бұл жобада ол Қазақстан жеріне саяхаттап, зерттеу жүргізген ғалымдардың күнделіктері мен еңбектері арқылы сол кезеңдегі қазақ ауылдарына, балалардың салт-дәстүр, ойындары, киіну ерекшеліктеріне, жасаған ойыншықтарына сипаттама берді және қазіргі кезеңмен салыстырып талдады.
Қазақстаннның болашағы жастар қолында
15
декабрь
2021
Қазақстаннның болашағы жастар қолында
 10-сынып оқушылары арасында “Қазақстаннның болашағы жастар қолында” тақырыбында ток- шоу өтті. Оқушылар еліміздің болашағының жарқын болуы үшін ең алдымен мамандықты дұрыс таңдау керек екендігін көрініс көрсету арқылы көрермендерге жеткізді.
Жол ережесін білейік, Есен-аман жүрейік!
14
декабрь
2021
Жол ережесін білейік, Есен-аман жүрейік!
Бастауыш сынып оқушылары арасында “ Жол ережесін білейік, Есен-аман жүрейік”- тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқушылар жол ережесімен, шартты белгілермен танысты.  
Қарым-қатынас жарастығы
14
декабрь
2021
Қарым-қатынас жарастығы
🔥🔥🔥Оқырмандар сұрауы бойынша🔥🔥🔥 😍😍Тренинг😍😍 “Қарым- қатынас жарастығы” Мұғалімдер арасында өткен бұл тренинг қатысушыларға да,көрермендерге де көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.🎉🎉. Осы тренингті ұйымдастырған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тоқтақын Талшын мен математика пәні мұғалімі Әбіл Ләззатқа зор алғысымызды білдіреміз!!!🌺🌺🌺
10 “ә” сынып оқушысы Шалғынбай Марғұлан
13
декабрь
2021
10 “ә” сынып оқушысы Шалғынбай Марғұлан
Мектеп-гимназиямыздың 10 “ә” сынып оқушысы Шалғынбай Марғұлан өлкетану бағыты бойынша “Қазақстандағы демографиялық жағдайды салыстыру мен мектептегі демографиялық ахуалды бағалау” атты тақырыпта қалалық ғылыми жобалар байқауында өз жобасын қорғап, жүлделі I орынды жеңіп алды.😍😍😍Марғұлан өз жобасында жалпы демографиялық процестердің проблемалары мен мәселелерін зерттеді.📙📙📙Бұл жоба Алматы қаласы бойынша ең үздік жоба деп танылды. Енді бұл жобаны Марғұлан Республика көлемінде қорғайтын болады.
10 “Ә” сынып оқушысы Абдикадир Амина
13
декабрь
2021
10 “Ә” сынып оқушысы Абдикадир Амина
Мектебіміздің 10 “Ә” сынып оқушысы Абдикадир Амина Ернатқызы география пәні бойынша қалалық ғылыми жобалар конкурсынан “Алматы қаласы көшелерінің топонимикасы” атты тақырыпта өз жобасын қорғап, жүлделі III орынды жеңіп алды.😍😍😍 Ғылыми жетекшісі: Сейдакова Н. А. Амина өз жобасында Алматы қаласының көшелерінің топонимдерін анықтау және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.