Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ахметали Амина "Зерде" Республикалық ғылыми жобалар сайысынан III орынды иемденді
16
февраль
2022
Ахметали Амина "Зерде" Республикалық ғылыми жобалар сайысынан III
😍😍😍Мектеп-гимназиямыздың 4-сынып оқушысы Ахметали Амина Щучье қаласы “Балдәурен” РОСО базасында 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХVII республикалық «Зерде» конкурсының қорытынды кезеңінде бақ сынап, қанжығасына жүлделі III орынды байлап қайтты.✅✅✅ 🔰 🔬Алматы қаласының намысын қорғаған жас зерттеушіміз бен жеңіске жетуде бағыт-бағдар беріп, жөн сілтеген жетекшісі Метербай Айшуақ Ақажанқызын айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!!!
Ауған қасіреті
15
февраль
2022
Ауған қасіреті
Бүгін 9-11 сынып оқушылары «Ауған қасіреті» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Оқушылар "Ауған соғысы" жайлы тереңірек біліп тану және оған қатысқан соғыс ардегерлері туралы мәлімет алу мақсатында өтілген бұл тәрбие сағатының тәрбиелік мәні- Тәуелсіздік жолында күрескен аға- апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету болды. ​ ​​​
Бокс үйірмесі
14
февраль
2022
Бокс үйірмесі
Мектеп-гимназиямызда спорттағы бокс саласын дамыту мақсатында "Бокс үйірмесі" өтеді. 
Ас-адамның арқауы
10
февраль
2022
Ас-адамның арқауы
Оқушылардың асханадағы тамақтану уақыты.
Қар көшкіні. Таудағы қауіпсіздік ережелері
08
февраль
2022
Қар көшкіні. Таудағы қауіпсіздік ережелері
08.02.2022ж күні білім ордамызда оқушыларға “Қар көшкіндері. Таудағы қауіпсіздік ережелері” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға қыс мезгіліндегі табиғи апаттардың пайда болуы мен одан сақтану жағдайлары жайлы айтылып, қыс мезгілінде қауіпті орындарға мүмкіндігінше бармау керектігі кеңес берілді. Жиын соңында Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына құтқарушы мамандығы бойынша оқуға түсудің мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Бүкіл дүние жүзілік сайлау күні
02
февраль
2022
Бүкіл дүние жүзілік сайлау күні
‘’Бүкіл дүниежүзілік сайлау күні” мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымымен бірге бүгінгі ДЖ сайлау күні жөнінде талқылау жұмыстары жүргізілді. Сайлауды ұйымдастыру және өткізу барысында оқушылармен дөңгелек үстел құрылып, жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға бейімділікті қалыптастыру жүзеге асырылды.
Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері
01
февраль
2022
Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері
01.02.2022ж күні мектебімізде оқушылар “Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері” тақырыбында сынып сағатын өтті. Сынып сағатында оқушыларға жұқа, қатпаған мұзда жүрмеу керектігі, тыйым салынған жерлерден ,сондай-ақ, су қоймаларындағы мұздан өтуге болмайтындығы сынды қарапайым ережелер түсіндіріліп, видеороликтер көрсетіліп және ең маңыздысы- қыс мезгілінде жолда жүру ережелерін қатаң сақтау керектігі туралы айтылды.
Президент сұқбат берді.
30
январь
2022
Президент сұқбат берді.
29.01.2022 ж күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар 24» телеарнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында президент қоғамды алаңдатқан «қасіретті қаңтар» оқиғасы, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестері мен қарым-қатынастары туралы сауалдарға жауап берді. Қиын кезеңде нық қадамдар жасап, еліміздің тыныштығы мен Тәуелсіздігін сақтап қалған Президентіміздің әрбір ұтқыр саясатын біз қашан да қолдаймыз.