Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
8 «А»сынып оқушылары көркем еңбек сабағы
19
апрель
2022
8 «А»сынып оқушылары көркем еңбек сабағы
8 «А»сынып оқушылары көркем еңбек сабағынан “Интерьерге арналған сәнді бұйымдар” тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақта балалар бұйымдарға нобайлар дайындаумен құрал-саймандар мен материалдарды дайындауды үйренді. ✅Пән мұғалімі: Азнабаева Галия Абдыхаевна  
"Ілияс оқулары" байқауы жеңімпазы
18
апрель
2022
"Ілияс оқулары" байқауы жеңімпазы
Алматы қаласы Білім басқармасы “Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырған республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларының қалалық кезеңінде «Ағынды менің-Ақсуым” бағыты бойынша 9- сынып оқушысы Жамбыл Анель үздік нәтиже көрсетіп, III орынды иемденді. 😍😍😍 Жарайсың, Анель! Жетістіктерің көбейе берсін!👏🏻👏🏻👏🏻 ✅Жетекшісі: Еркінбек Балғын Кәрімбергенқызы
Сапарғали Бегалин кітапханасына экскурсия
16
апрель
2022
Сапарғали Бегалин кітапханасына экскурсия
Мектебіміздің 9, 10- сынып оқушылары Сапарғали Бегалин кітапханасына барып, Альфа академиясы ұйымдастырған семинарға қатысып қайтты. Семинарда шетелдік ЖОО-на түсудің жолдары мен мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Оқушылардың мамандық таңдауға деген көзқарастарын қалыптастыру мақсатында өткізілген бұл семинард ан оқушылар тың ақпараттар алып қайтты.
Роза Бағланованы еске алу кеші
16
апрель
2022
Роза Бағланованы еске алу кеші
15-сәуір күні Республика сарайында Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның және КСРО халық әртісі, әнші, Халық қаһарманы Роза Тәжібайқызы Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай концерт өтті. Шарада еліміздің дәстүрлі және эстрада әншілері өнер көрсетіп, Роза Бағланова жайлы бейнефильмдерден үзінді көрсетілді. Мерекелік концертті мектебіміздің жас мамандары тамашалап қайтты. @edu.almaty @medeu_roo 
Қасиетті айда жасалған қайырымдылық
15
апрель
2022
Қасиетті айда жасалған қайырымдылық
Қасиетті Рамазан айында #53 мектеп-гимназиясы қуанышты жағдайдың куәсі болдық. Бибінұр Шералиева, “Харекет” қайырымдылық қоры мен белгілі блогер Мейржан Туребаев мектебіміздегі көп балалы отбасын баспанамен қуантты. 😍😍😍 Қасиетті айда жасаған жақсылықтарыңыз үшін мектеп әкімшілігі мен мектеп ұжымы сіздерге үлкен алғыс білдіреді.
Құқықбұзушылықтың алдын алу шараларына байланысты кездесу өтті.
14
апрель
2022
Құқықбұзушылықтың алдын алу шараларына байланысты кездесу өтті.
Бүгін білім ордамызда қонақта мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің мүшесі, полиция подполковнигі, адвокат Саматаев Әбдіхаим Турлыбекұлы болды. Кездесу барысы 6-7 сыныптар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу жөнінде ұлдар кеңесі өткізілді. Аталған жиналыс барысында құқықбұзушылық негіздерін алға тарта отырып, Әбдіхаим мырза оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қоғамдағы ең ахуалды, түйткілді құқықбұзушылық негіздері айтылып, талқыланды. Кездесуді ұйымдастырушы: ДТІЖ орынбасары Аргынбаев
"Мақатаев оқулары" байқауының жеңімпазы- Әсемжанова Аружан
13
апрель
2022
"Мақатаев оқулары" байқауының жеңімпазы- Әсемжанова Аружан
Алматы қаласы Білім басқармасының “Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырған Республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының қалалық кезеңінде «Айтып өткен ақында арман бар ма?» бағыты бойынша 8 -сынып оқушысы Асемжанова Аружан III орынды иемденді.😍😍😍 Жарайсың, Аружан! Шығармашылығың шыңдала берсін.👏🏻👏🏻👏🏻 Жетекшісі: Макешева Еркежан Оралгазиновна✅
Білім сайысы     «Білім кілті-кітапта»
13
апрель
2022
Білім сайысы «Білім кілті-кітапта»
Білім сайысы     «Білім кілті-кітапта» Мақсаты: Мектеп оқушыларын кітап оқуға, оқу мәдениетін қалыптастыруға, оқыған кітаптарынан тәлім-тәрбие алуға баулу, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру Көрнекілігі: «Ертегілер әлемінде» атты кітап көрмесі, кітап туралы ұлағатты сөздер, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, слайд Сабақ түрі: «Кітапханалық сабақ» Оқылған шығарма: Мұнайдар Баймолда  «Құдайға телефон соққан бала», Бердібек С. «Он алты жасар чемпион» .