Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
5 маусым - Референдум
05
июнь
2022
5 маусым - Референдум
Бүгін қазақ елі үшін маңызды тарихи күн. Жаңа Қазақстанның құрылуы үшін әр қазақстандық референдумға қатысып, дауыс беруде. Үлкен бетбұрыстан басталған Жаңа Қазақстанды енді жаңа өзгерістер мен тың бастамалар күтеді деген сенімдеміз. Біз еліміздің болашағына сенеміз. Күш бірлікте!✊🏻
4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні.
04
июнь
2022
4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні.
4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында жаңа Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. 🇰🇿🇰🇿🇰🇿 Мемлекеттік мереке-Рәміздер күнімен #53 мектеп-гимназия ұжымы барша қазақстандықтарды шын жүректен құттықтайды. Еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Көк туымыз көгімізде мәңгі желбіресін!!!  
4 маусым- Мемлекеттік Рәміздер күні
04
июнь
2022
4 маусым- Мемлекеттік Рәміздер күні
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Мемлекеттік Рәміздер мерекесі құтты болсын, құрметті Қазақстандықтар!!!
Орыс тілі пәні бойынша мемлекеттік емтихан
03
июнь
2022
Орыс тілі пәні бойынша мемлекеттік емтихан
📖📒📙03.06.2022 ж күні 9-сынып оқушылары орыс тілі пәні бойынша мемлекеттік емтихан тапсырды. Емтихан бекітілген бұйрыққа сәйкес жазбаша түрде өтті.📖📒📙 Оқушыларымыз бұл сынақтан да сүрінбей өтті деген сенімдеміз.🤗  
Мектебіміздің жанынан ашылған “Күншуақ” жазғы лагерінің екінші күні.😍😍😍  Балалар сондай бақытты...🌸☺️
02
июнь
2022
Мектебіміздің жанынан ашылған “Күншуақ” жазғы лагерінің екінші
Мектебіміздің жанынан ашылған “Күншуақ” жазғы лагерінің екінші күні.😍😍😍 Балалар сондай бақытты...🌸☺️
Жаңа Қазақстанның құрылуына ат салысайық!
02
июнь
2022
Жаңа Қазақстанның құрылуына ат салысайық!
Жаңа Қазақстанның құрылуына ат салысайық!  
Жазғы демалыс лагері
01
июнь
2022
Жазғы демалыс лагері
Жадырап жаз да келіп жетті. Бұл мез­гіл­де мектеп оқушылары жазғы тынығу лагерьлеріне баруға асығады. Балалардың демалысын тиімді пайдалану мақсатында, мектеп оқушыларын қала сыртындағы «Спутник» балаларды сауықтыру орталығына аттандырдық.😍😍😍 Бұл орталықта оқушыларымыз 12 күн бойы тынығып, демалып, жаңа достар да арттырып қайтады. 🎀🎀Балаларға жақсы көңіл-күй мен көңілді демалыс тілейміз.
“АЛМАТЫ BALAFEST” ауқымды іс-шарасының марапаттау рәсімі
01
июнь
2022
“АЛМАТЫ BALAFEST” ауқымды іс-шарасының марапаттау рәсімі
🌺🌺🌺1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Медеу ауданы әкімдігі мен Медеу аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Балалар жылы-2022” бағдарламасы аясында “АЛМАТЫ BALAFEST” ауқымды іс-шарасы қолға алынған болатын. Бүгін мерекеге байланысты Оқушылар сарайы алаңында аталған іс-шараның марапаттау рәсімі өтуде. “Қолөнер кереметтері”, “Қиялшылдар елі”, “Шеберлік сағаты”, “Балалық шаққа саяхат” бағыттары бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушыларымыз үшін концерттік бағдарламалар да
1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! 3 ч.
01
июнь
2022
1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! 3 ч.
1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!
“Күншуақ” жазғы лагері
01
июнь
2022
“Күншуақ” жазғы лагері
Бүгінгі “Халықаралық балаларды қорғау күні” мерекесі қарсаңында мектебімізден “Күншуақ” жазғы лагері ашылды.😍😍😍 Бүлдіршіндерімізге демалыстарыңыз сәтті өтсін деп тілек білдіреміз.🤗🤗🤗