Ақпарат » Страница 189 » №53 мектеп, Алматы қ. | №53 Школа г. Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
Күзгі демалыс
30
октябрь
2019
Күзгі демалыс
29.10.2019 жылы 9 "А" сынып оқушылары мен  жетекшісі Бейсембай Назерке  Сәбитқызы күзгі демалыста ролик тебуге барды. Оқушыларға  қызықты болып, өте жоғары көңіл-күймен қайтты. Демалыс уақытын босқа өткізбей, біздің оқушылар салаутты өмір салтын ұстануды алға тартты. #Медеуауданы #53мектепгимназия #күзгідемалыс
"Педагогикалық идеялар панорамасы "
18
октябрь
2019
"Педагогикалық идеялар панорамасы "
"Педагогикалық идеялар панорамасы" білім беру ұйымдарына арналған бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайынғы  республикалық конкурсының қалалық кезеңінің "Орта білімді оқытудағы заманауи технологиялар" бағыты "Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі" аталымы бойынша жеңімпаз №53 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі  Бейсембай Назерке Сәбитқызы  I дәрежелі дипломмен марапатталды.
"Самал су"
11
октябрь
2019
"Самал су"
10.10.2019 жылы «Самал» ауыз су зауытына №53 мектеп-гимназиясының 8 - сынып оқушылары экскурссия жасады. Саяхат барысында артезиан ұңғымасынан су алу, суды сүзу, өңдеу процестерін, автоматтандырылған жабдықты құю процесін, бөтелкелерді брендтермен және шөлмектермен қаптау сатысын көрді. «Керемет Су СКЭ» компаниясы 2009 жылдан бастап Самал суын өндіру, жеткізу және сатумен айналысады. «Самал» судың атауы да тамаша, қазақ тілінен аударылған бұл сөз жеңіл нәзік желді білдіреді.«Самал» табиғи ауыз
"Самал су"
11
октябрь
2019
"Самал су"
10.10.2019 жылы «Самал» ауыз су зауытына №53 мектеп-гимназиясының 8 - сынып оқушылары экскурссия жасады. Саяхат барысында артезиан ұңғымасынан су алу, суды сүзу, өңдеу процестерін, автоматтандырылған жабдықты құю процесін, бөтелкелерді брендтермен және шөлмектермен қаптау сатысын көрді. «Керемет Су СКЭ» компаниясы 2009 жылдан бастап Самал суын өндіру, жеткізу және сатумен айналысады. «Самал» судың атауы да тамаша, қазақ тілінен аударылған бұл сөз жеңіл нәзік желді білдіреді.«Самал» табиғи ауыз
Ағаш отырғызу
11
октябрь
2019
Ағаш отырғызу
Экологиялық сағат бүгінгі таңда Медеу ауданына қарасты  барлық мектептерінде өткізілді. Кең көлемді акцияны қолдауға №53 мектеп-гимназиясының табиғатты қорғау  ұйымының оқушылары белсене атсалысты. Табиғатты қорғау – кішкентай баладан бастап еңкейген қарттың мойнындағы міндет. Қазақта «артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз бар.  Осы тұста  мектеп алаңына отырғызылатын ағаштармен қамтамасыз еткені үшін  қалалық әкімдікке, Медеу ауданының білім бөліміне үлкен алғысымызды айтамыз.
"Балалармен қатыгез қарым-қатынас жағдайында мектептегі кризистік көмек және алдын алу", "Ата-анамен балалар арасындағы қатынасты нығайту және антибу
09
октябрь
2019
"Балалармен қатыгез қарым-қатынас жағдайында мектептегі кризистік
09.10.2019 жылы Медеу ауданы білім бөлімінің ұйымдастырумен №33 мектеп-лицейінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған "Балалармен қатыгез қарым-қатынас жағдайында мектептегі кризистік көмек және алдын алу", "Ата-анамен балалар арасындағы қатынасты нығайту және антибуллинг" атты тақырыбында тренинг өткізілді. Медеу ауданы білім бөліміне осындай пайдалы да, рухани маңызы бар іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамыз. #Медеуауданыбілімбөлімі #53мектепгимназия 
#ЭкоСағатҚазірБаста
03
октябрь
2019
#ЭкоСағатҚазірБаста
2019 жылдың 3 қазан күні №53 мектеп-гимназиясының базасында білім алушыларды табиғатты қорғау, экологиялық мəдениетті жəне туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тəрбиелеу мақсатында көптеген іс-шаралар, 1-11 сыныптар арасында табиғатты қорғау күніне байланысты «Табиғат және адам» тақырыбында тәрбие сағаттары жүргізілді. 1-4 сыныптар арасында «Жер-біздің ортақ үйіміз» тақырыбында сурет салудан байқау жарияланып, көрме ұйымдастырылды. Оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Тамыз конференциясы
21
август
2019
Тамыз конференциясы
Дәстүрге айналған Тамыз конференциясы-ұстаздар қауымы бас қосатын ауқымды әрі маңызды жиын. Бұл маңызды бас қосуда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: оқушыларымыздың үш тілде білім алуға бірден емес. біртіндеп көшу қажет екендігін мәлімдеді. Бұл өз кезегінде ата-аналар арасындағы үлкен уайым жібінің тарқатылып, біраз мәселенің түйінінің шешілуіне жол бастады. Сонымен қатар , мұғалімдер қауымына келетін кезекті тексерістердің азайып , олардың бар назары тек білімге ғана бағытталатыны
Гинекологпен кездесу
13
март
2019
Гинекологпен кездесу
№53 мектеп-гимназиясында 8-11 сынып  оқушыларының  қыздар арасында «Қызым үйде, қылығы түзде» атты ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбында гинекологпен кездесу өткізілді. Мақсаты: қыздарды  ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, қыз бала гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету, өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру, қыздарды  инабатты қыз болып өсуге баулу.  Пікірлесіп көрейік біз ашылып, Даурықпайық бәріміз бір шуласып Жүгінейік ақиқатқа
Өрт сөндіру бөліміне саяхат
13
март
2019
Өрт сөндіру бөліміне саяхат
«Бүкіләлемдік Азаматтық қорғау күнін» мерекелеу аясында «Өрт сөндіруші» АҚ Алматы қаласы,Медеу ауданы филиалының №1 өрт сөндіру авариялық-құтқару бөліміне №53 мектеп-гимназияның 10-сынып оқушылары саяхат  жасады. Саяхат басында өрт сөндіруші-құтқарушылар өздерінің жұмыстары туралы айтып берді. Балаларға жауынгерлік есепте тұрған өрт сөндіру техникасы мен авариялық-құтқару құралдары көрсетілді. Бірінші сынып оқушылары өрт сөндіруші-құтқарушыларды зейін қойып тыңдады. Бәрінен бұрын балаларды өрт