Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Гульнар Нуржумаевна  «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды!
28
сентябрь
2022
Гульнар Нуржумаевна «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды!
«Ұстаздар мерекесіне» орай ұйымдастырылған концертте 33 жылдық еңбек өтілі бар, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кунишбаева Гульнар Нуржумаевна білім саласына еткен еңбегі мен адал жұмысы үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды!  #53 мектеп-гимназиямыздың абыройын көтеріп, жас буынға үлгі болғаныңыз үшін ұстаздар мен ата-аналардың, оқушылардың атынан алғысымызды білдіреміз! Ұзақ ғұмыр, деніңізге саулық, отбасыңызға береке, жұмысыңызға табыстар тілейміз!
"Тапқыр болсаң, озып көр" интеллектуалды ойыны өтті.
28
сентябрь
2022
"Тапқыр болсаң, озып көр" интеллектуалды ойыны өтті.
Шындықтың шырақшысы, халық жазушысы Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай 8-9 сыныптар арасында "Тапқыр болсаң, озып көр" интеллектуалды ойыны өтті. Ойын өте тартысты болды, оқушылар мақал-мәтел, нақыл сөздер, салт-дәстүрге байланысты тапсырмаларды орындап, өз білімдерін ортаға салды. Оқушылар топта жұмыс жасап, ұйымшылдықтарын көрсетті.
Almaty Sifrlyq Mektebi платформасын қолдануға ынталандыру мақсатында тренинг ұйымдастырды.
27
сентябрь
2022
Almaty Sifrlyq Mektebi платформасын қолдануға ынталандыру мақсатында
Оқытушыларды Almaty Sifrlyq Mektebi платформасын қолдануға ынталандыру мақсатында тренинг ұйымдастырды. Тренингке математика, химия, биология, физика, география, ағылшын және қазақ тіл мұғалімдері қатысты.
10 «Ә» сыныбында «Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім» тақырыбында іс-шара өткізілді.
27
сентябрь
2022
10 «Ә» сыныбында «Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім» тақырыбында іс-шара
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі бағыты бойынша 10 «Ә» сыныбында «Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім» тақырыбында іс-шара өткізілді. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, кітапханадан табамыз. Оқушылар жаз бойы оқыған кітаптарымен ой бөлісіп, сыныптастарына оқуға кеңес берді. #оқуғақұштармектеп
Психологтар диагностикалық жұмыстар мен тренингтер жүргізді.
26
сентябрь
2022
Психологтар диагностикалық жұмыстар мен тренингтер жүргізді.
Психолог жоспарына сәйкес қыркүйек айында мектебімізге жаңадан келген оқушылардың ортаға бейімделуін анықтау және көмектесу мақсатында балаларға түрлі диагностикалық жұмыстар мен тренингтер жүргізілді. Арнайы сабақтар оқушылардың көңілінен шықты.  Психологтардан балаларға берілген кеңес: тәннің сұлулығына ең шипалы дәрі — сергектік пен жайдарлы көңіл күй. Баланың ынтасыда дәл осы дүниелермен бір істі қызықты жасап, ортаға тез бейімделуге болады.