Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Буллинг пен қысымшылықтың алдын алу
03
октябрь
2022
Буллинг пен қысымшылықтың алдын алу
«Білім беру ұйымдарында қауіпсіз білім беру ортасын құру: буллинг пен қысымшылықтың алдын алу» бойынша Алматы қаласы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті ұйымдастырған семинарғадиректордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аргынбаев Арман мен мектеп психологы Сади Айнұр қатысты.
Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтады
03
октябрь
2022
Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин мұғалімдерді кәсіби
Республика Сарайында білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.  Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтап,  Білім беруді дамытуға қосқан үлесі және жоғары жетістіктері үшін мектебіміздің қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Ибраймкулова Гаухар Нурдановнаны құрмет грамотасымен марапаттады.  Мерекеге орай қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтті. Сахнада әртістер Жұбаныш Жексенұлы, Рүстем Нұржігіт,
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»  (өз ұстазыңды құттықта) «Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» қарттарға көмек көрсету
03
октябрь
2022
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» (өз ұстазыңды құттықта) «Қариясы бар
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»  (өз ұстазыңды құттықта) «Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» қарттарға көмек көрсету Жақсы ұстаз өз шәкіртіне әрқашанда үлгі болып қалады. Осы бір қанатты сөздің аясында ұлық тәрбиенің бәрі тұнып тұр. Менің ойымша, жақсы ұстазда біріншіден, терең білім болуы тиіс. Ал содан кейін үлкен жүрек болуы керек. Себебі, барлық баланың еркелігін көтеріп, әрбір баланы өзіне тарта білу және оны тыңдай білу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Міне, сондықтан үлкен жүрек
“Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ”
30
сентябрь
2022
“Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ”
“Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” тақырында жасөспірімдердің арасындағы құқық-бұзушылықтың алдын алу кеңісінің отырысында сынып жетекшілерге баяндама оқылды.
«Адал ұрпақ» клубының жұмыс жоспары, жауапты тұлғалар тағайындалып, ұжымға таныстырылады
30
сентябрь
2022
«Адал ұрпақ» клубының жұмыс жоспары, жауапты тұлғалар тағайындалып,
 «Адал ұрпақ» клубының жұмыс жоспары, жауапты тұлғалар тағайындалып, ұжымға таныстырылады, сонымен қатар арнайы білім басқармасының хатына сәйкес әртүрлі қажеттіліктерге ақша жинамау туралы бұйрық шығарылып, мұғалімдер мен ата-аналар танысып, қол қойып, бұйрық көрнекі жерге  ілінеді. Педагогикалық кеңес отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты және этика кодексі қаралып, бекітіледі.   Мектеп қызметкерлері мен жұмысшылары қызметтік әдеп кодексімен таныстырылады. Мектеп қаражатын жұмсау
«Кемел ойлы, зерделі жазушы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
29
сентябрь
2022
«Кемел ойлы, зерделі жазушы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кітапханамызда 10-11 сыныптар арасында «Кемел ойлы, зерделі жазушы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оқушылар жазушы Шерхан Мұртазаның шығармашылығынан "Ай мен Айша", "Бір кем дүние" кітаптарын талдап, ойларымен бөлісті.  Шараға мектеп аға тәлімгері А.Б.Абиыр мен 11 "Ә" сынып жетекшісі Қ.Азирбаева қатысты. Жауапты кітапханашы У.Акбаева.