Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Трансперанттік және есепті мемлекет» бейнероликтер байқауы.
19
май
2023
«Трансперанттік және есепті мемлекет» бейнероликтер байқауы.
«Трансперанттік және есепті мемлекет» бейнероликтер байқауы. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ Бейнероликтер байқауы (әрі қарай – Байқау) туралы Ереже «Транспарентті және есеп беруші мемлекет» атты бейнероликтер байқауының міндеттері мен өткізу тәртібін регламенттейді.  БАЙҚАУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ 1. Ой-өрісін кеңейту, байқағыштықты, эстетикалық талғамды, қойылған міндеттерді шешуге шығармашылық көзқарасты дамыту; 2. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының шығармашылық қызметін ынталандыру.
5 «Ә» сынып оқушылары тарихи танымдық сауаттылығын арттыру, экологиялық таным мен тазалыққа, көңіл-күй көтеру мақсатында «Тұңғыш Президент» паркінде болды.
18
май
2023
5 «Ә» сынып оқушылары тарихи танымдық сауаттылығын арттыру,
5 «Ә» сынып оқушылары тарихи танымдық сауаттылығын арттыру, экологиялық таным мен тазалыққа, көңіл-күй көтеру мақсатында «Тұңғыш Президент» паркінде болды. Сынып жетекшісі: Еркінбек Балғын
2 «Б» сынып жетекшісі Баймурзаева Майра «Табиғат - алтын бесік» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
18
май
2023
2 «Б» сынып жетекшісі Баймурзаева Майра «Табиғат - алтын бесік»
2 «Б» сынып жетекшісі Баймурзаева Майра «Табиғат - алтын бесік» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу, сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру.
“Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
18
май
2023
“Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енді. Қазіргі ұрпақтарды ерлікке, қырағылыққа баулып, жарқын болашағымызды қорғауға әрдайым дайын тұруға, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында “Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.  1 “Ә” сыныбының оқушылары тәрбие сағатында түрлі суреттер салды.  Сынып жетекшісі: Еркінбек Ақмарал https://www.instagram.com/p/CsXqNK0ylPA/
Бүгін сағат 12:00 -де ZOOM платформасында «Буллинг алдын алу мүмкін бе?» тақырыбында Алматы қаласы мектеп директорларының қатысуымен жиын өткізілді.
18
май
2023
Бүгін сағат 12:00 -де ZOOM платформасында «Буллинг алдын алу мүмкін
Бүгін сағат 12:00 -де ZOOM платформасында «Буллинг алдын алу мүмкін бе?» тақырыбында Алматы қаласы мектеп директорларының қатысуымен жиын өткізілді. Жиында қала прокурорының көмекшісі Джанбекова Гульнара Хамитовна баяндама жасады. Онда жастар арасында деструктивті әлеуметтік құбылыстардың алдын алу, білім беру қызметі процесінде оқушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы сөз сөйлеп, мектепте проблемалар мен оларды шешу жолдары айтылды.
Адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында Дощанова Анипа Айткуловна 7 «Ә» сыныбымен тәрбие сағатын өткізді.
17
май
2023
Адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында Дощанова Анипа
Жас жеткіншектер бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Отаншылдық сезім мен тұрақты моральдық мінез-құлыұқтың беки түсуіне ықпал ету. Адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында Дощанова Анипа Айткуловна 7 «Ә» сыныбымен тәрбие сағатын өткізді.