22
сентябрь
2021
Өнерлі Шапағат
Мектебімізде тағы да қуанышты жаңалық! «Жеті өнер» V Халықаралық шығармашылық фестиваль- конкурсынан 2-сынып оқушысы Күмісбек Шапағат «Ән салу өнері» номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алды.
Шапағат өзі мектеп табалдырығын аттағаннан бастап өте талантты, өнер білімге жаны құштар, қашан да ізденіс жолында жүретін, жас болса да біршама белесті бағындырған дарынды оқушы. Жарайсың, Шапағат! Шығар шыңдарың биік, алар асуларың көп болсын.
Ал Шапағаттың жетекшісі Аманкелді Лаззат бүкіл әлемде орын алған пандемия жағдайында талапты, талантты оқушыларды білімге, ғылымға, өрелі өнерге баулып, ұлағатты ұстаздық еңбегін адал атқарып, жас ұрпақ тәрбиесінде жанкешті жұмыс жасап жүрген, бәсі биік «Жеті Өнер» V Халықаралық шығармашылық фестиваль- конкурсына шәкірт даярлап, қоғамдық іссте белсенділік танытқаны үшін «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН» марапатталды. Лаззат Аманкелдіқызына талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін деп тілек білдіреміз.