15
сентябрь
2021
Отбасы- бақыт мекені
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі екенін түсіндіріп, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру мақсатында бүгін мектебімізде 5-11сыныптар аралығында отбасына күніне арналған «Отбасы- бақыт мекені» атты тақырыпта сынып сағаты өтті. Сынып сағатында балалар өздерінің отбасылары туралы, отбасында ата-атамен, бауырларымен қарым-қатынастары туралы баяндай отырып, мақал-мәтелдер мен өлеңдер оқи отырып сабақты аяқтады. Бастысы, отбасының- адам өмірінде алатын орнының ерекше екенін жақсы түсінді.
Отбасы-біздің қашан да тірегіміз.
Отбасы-біздің қашан да тірегіміз.