Марапаттар
Алматы қаласы Медеу ауданы №53 мектеп-гимназиясында 2021-2022 оқу жылы ұстаздарымыз құрмет грамотасын, алғыс хаттарын алумен бастады. Мектеп-гимназия директоры Омишова Асем Нурмуханбетовна ұстаздарды құрмет грамотасымен, алғыс хаттарымен марапаттады. Атап айтсақ: ҚР білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім берудегі қол жеткізген табыстары үшін Кунишбаева Гульнар Нуржумаевна құрмет грамотасымен, Кунишбаева Гульнар Нуржумаевна жалпы білім беретін пәндерден география пәні бойынша республикалық олимпиадада жеңімпаз атанған Нұрмұш Аружанды дайындағаны үшін, Шестаева Жанылхан Сейткалиевна жалпы білім беретін пәндерден өзін-өзі тану пәні бойынша республикалық олимпиадада жеңімпаз атанған Жумадильдаева Аружанды дайындағаны үшін , Шайқыслан Ерқасым Шайқысланұлы жалпы білім беретін пәндерден география пәні бойынша республикалық олимпиадада жеңімпаз атанған Бекжанқызы Гаухарды дайындағаны үшін, ҚР Білім және ғылым министрлігі, «ДАРЫН» Республикалық ғылыми-практикалық орталығынан алғыс хаттармен марапатталды.
Ұстаздарымыз бен шәкірттеріміздің жеткен жетістіктері құтты болсын дей отырып, шығармашылық табыс тілейміз.
#алғысхат
@edu.almaty
@akimat_almaty
@akimat_medeu
@medeu_roo





