12
август
2021
10 тамыз Абай күні!
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздерінің тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.
Мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Садуахасова Асия Кадылбековна Абай Құнанбайұлының отыз бірінші қара сөзін айта отырып, әріптестеріне, мектеп оқушыларына челлендж жолдады.
@edu.almaty
@akimat_almaty
@akimat_medeu
@medeu_roo
https://youtu.be/hbQoupGhm80