14
февраль
2020
Медеу ауданы білім аппараты мен "Альфа Академия" білім беру орталығының тегін ағылшын курсы туралы жобасы
Медеу ауданы әкімінің аппараты мен "Альфа Академия" білім беру орталығы бірлесіп, тегін ағылшын курсын ашу туралы әлеуметтік жобаның 12.02.2020 жылы
№53 мектеп-гимназиясында тұсауы кесілді.
"Альфа академиясының" төрағасы Бахнұр Зиябеков және "Медеу" еріктілер тобы оқушыларды курстық бағдарламамен таныстырып, әрі қарай мүмкіндіктер туралы айтты.
Қала әкімінің "Шетсіз қала" бағдарламасына сәйкес, тегін тіл курстарын оқыту орындары ретінде аудан орталығынан қашық орналасқан №7, 172, 53, 168, 98, 194, 197, 47 мектептері таңдап алынды. Ал, орталықтағы балалар үшін С.Бегалин атындағы балалар кітапхана жанында тегін ағылшын курсы жұмыс жасайтынын хабарлады.



