13
март
2019
Гинекологпен кездесу
№53 мектеп-гимназиясында 8-11 сынып оқушыларының қыздар арасында «Қызым үйде, қылығы түзде» атты ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбында гинекологпен кездесу өткізілді. Мақсаты: қыздарды ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, қыз бала гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету, өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру, қыздарды инабатты қыз болып өсуге баулу.
Пікірлесіп көрейік біз ашылып,
Даурықпайық бәріміз бір шуласып
Жүгінейік ақиқатқа әрқашан
Дос көңілмен ақтарылып сырласып, - деп Студент поликлинасынан келген гинеколог Жұмагулова Салтанат Ыдырысовна оқушыларымызды ашық әңгімеге шақырды. «Күйзелістің алдын алу» атты тренинг, «От басып қалмашы, қазақ қызы»атты баяндамалар оқыды.Сонымен қатар, жиналыс барысында қыз бала қандай болу керек, жалпы -мектепішілік тәртіп, киім үлгісі, инабаттылық , кішіпейілділік сияқты тақырыптар талқыланды. Жиналыс сырласу кеші ретінде өтіп, естелік фотосуретке түсіп, қыздарымыз жақсы көңіл-күймен тарқасты.