Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2024-2025 оқу жылының мамыр ҰБТ қорытындысы
30
май
2025

2024-2025 оқу жылының мамыр ҰБТ қорытындысы

«№ 53 мектеп-гимназиясы» КММ-да 2024-2025 оқу жылының мамыр ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балы 73 балл, шығармашылық таңдаған оқушылар алынғанда 82,1  балды құрады. Наурыз  ҰБТ тапсырушы оқушылардың саны – 45. 1 оқушы Алжанбай Тұмар шетел азаматтығы болғандықтан қазақстан тарихы және математикалық сауаттылық пәндерінен босатылған.

Наурыз ҰБТ – 2025 бойынша 100 балдан жоғары 10 түлек жинады: Асылова Розалина – 104 балл, Жолдасбай Аружан – 120 балл , Абилгазиева Асель -100, Амин Адина – 110 балл, Қадыр Ерсұлтан – 109 балл, Қайратқызы Аяулым – 102 балл, Құрал Ажар – 117 балл,  Сагинтай Жансая – 106 балл, Туруспеков Нурбек – 121 балл, Шайбель Айя – 101 балл. 




Тестілеуден өтетін пәндердің ішінде информатика, орыс тілі және құқық негіздері, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті   пәндері бойынша тапсырмалар табысты орындалды, ал математикалық сауаттылық, дүниежүзі тарихы  мен физика пәндері айтарлықтай қиындықтар туғызды. Оқырмандық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық пәндері бойынша төмендегі тақырыптар, оқу бағдарламасының бөлімдері анықталды: оқу бағдарламасының «түсетін» тақырыптары - ықтималдық теориясы, математикалық статистика және кешенді сандар.



ҰБТ көрсеткіші 2022-2023ж. аралығында- 83,5 балл, 2023-2024ж.аралығында 84,5 балл, 2024-2025ж.аралығында 82,1 балды құрайды.

Ең жоғарғы көрсеткіш  124   балды құрады. 100 балдан асқан оқушы саны – 10. Оның ішінде 2 оқушы  121-125 аралығында,  3 оқушы 111-120 аралығында балл, 5 оқушы 100-110 аралығында балл алды.

            91-100 балл арасында 7 оқушы,     81-90 балл арасында 3 оқушы,    71-80 балл арасында 1 оқушы, 61-70 балл арасында 12 оқушы,     51- 60 балл арасында 4 оқушы,     41- 50 балл арасында 3 оқушы алды.     Ең төменгі балл – 45.  

Оқу сауаттылығы пәні бойынша білім сапасының орташа көрсеткіші



Оқу сауаттылығы пәні бойынша 11 «А» сыныбы  - барлығы 19 оқушы.  Орташа балы 8,2. Ең жоғарғы 10 балл. Ең төменгі 6 балл. Пән мұғалімі  Н.С. Бейсембай.   

11 «Ә» сыныбы  - барлығы 26 оқушы.  Орташа балы 8,07.  Ең жоғарғы   10 балл. Ең төменгі 7 балл. Пән мұғалімі   А.Б. Абиыр., М.Б. Нусупбекова.   


Математикалық сауаттылық пәні бойынша білім сапасының орташа көрсеткіші 



               

Математикалық сауаттылық пәні бойынша 11 «А» сыныбы - барлығы 15 оқушы.  Орташа балы 4,5 . Ең жоғарғы 8 балл. Ең төменгі 1 балл. Пән мұғалімі   Ж. Убайда.   

11 «Ә» сыныбы  - барлығы 13 оқушы.  Орташа балы 6.  Ең жоғарғы   10 балл. Ең төменгі 1  балл. Пән мұғалімі  Ж. Убайда.   


Қазақстан тарихы пәні бойынша білім сапасының орташа көрсеткіші





Қазақстан тарихы пәні бойынша 11 «А» сыныбындағы 20 оқушының орташа балы 11,7 болды. Ең жоғары нәтиже – 11,3 балл, ал ең төменгісі – 4 балл.

Пән мұғалімі: Нуртаев Д.

11 «Ә» сыныбындағы 25 оқушының орташа балы 11,5 болды. Ең жоғары көрсеткіш 18 балл, ал ең төменгі нәтиже 4 балл болды. 

Пән мұғалімі: Әтшібай Қ.А.



Таңдау пәндері бойынша білім сапасының орташа көрсеткіші 

Физика  пәнінен 11 «А» сыныбында барлығы 1 оқушы тапсырды. Орташа баллы 14. Ең жоғарғы 14 балл.  Пән мұғалімі   Серікбай Ұ.

Физика пәні бойынша 11 «Ә» сыныбындағы 11 оқушы тапсырды. Орташа балы 20,45. Ең жоғары нәтиже – 42 балл, ал ең төменгісі – 10 балл. Пән мұғалімі: Каюмов У.С.

Математика пәнінен пәнінен 11 «А» сыныбында барлығы 1 оқушы тапсырды. Орташа балы 23. Ең жоғарғы 23 балл. Пән мұғалімі  Ж.М.Убайда.

11 «Ә» сыныбы  - 17 оқушының орташа балы 29,5. Ең жоғары нәтиже 42 балл, ал ең төменгісі 17 балл. Пән мұғалімі  Ж.М.Убайда.

География пәнінен 11 «А» сыныбында оқушыларының география пәні бойынша көрсеткен нәтижелері бойынша орташа балл 27,5 болды. Ең жоғары нәтиже 33 балл, ал ең төменгісі 24 балл. Пән мұғалімі: Е.Ш. Шайқыслан. 

11 «Ә» сыныбында  география пәні бойынша орташа балы 31,7 болды. Ең жоғары нәтиже 33 балл, ал ең төменгісі 28 балл. Пән мұғалімі: Е.Ш. Шайқыслан. 

Биология пәнінен 11 «Ә» сыныбы   орташа балл -  35,3. Ең жоғары нәтиже 46 балл, ал ең төменгісі 20 балл. Пән мұғалімі: К.И.Азирбаева 

Химия пәнінен 11 «Ә» сыныбы   - орташа балл 29,6. Ең жоғары нәтиже 46 балл, ал ең төменгісі 7 балл.Пән мұғалімі  Қалмырзаұлы Д.

Дүние жүзі тарихы пәнінен 11 «А» сыныбында барлығы 8 оқушы тапсырды. Орташа балл -  24,6. Ең жоғары нәтиже 34 балл, ең төменгі нәтиже 17 балл. Пән мұғалімі: Нуртаев Д.

11 «Ә» сыныбы  - барлығы 1 оқушы.  Орташа балы -   33.  Пән мұғалімі: Нуртаев Д.

Шетел тілі (ағылшын) пәнінен 11 «А» сыныбында барлығы 2 оқушы тапсырды. Орташа балы 22,5. Ең жоғары нәтиже 25 балл, ал ең төменгісі 20 балл. 

Пән мұғалімі   К.Б. Кенжетаева.

11 «Ә» сыныбында барлығы 1 оқушы тапсырды. Орташа балы 50 балл . Ең жоғарғы 50 балл. Пән мұғалімі  Кенжетаева К.Б.

Құқық негіздері пәнінен 11 «А» сыныбында орташа балл 34,5 болды. Ең жоғары нәтиже 41 балл, ең төменгі нәтиже 24 балл. Пән мұғалімі: Д. Т. Мұқамғали.

Информатика пәнінен 11 «Ә» сыныбында орташа балл 38,5  болды. Ең жоғары нәтиже 44 балл, ең төменгі нәтиже 31 балл. Пән мұғалімі: Н. Полатов.

Қазақ тілі пәнінен 11 «А» сыныбында барлығы 2 оқушы тапсырды. Орташа балл - 31,5.. Пән мұғалімі: Н.С. Бейсембай.

Қазақ әдебиеті пәнінен 11 «А» сыныбында барлығы 2 оқушы тапсырды. Орташа балы 32. Пән мұғалімі: Н.С. Бейсембай.

Орыс тілі пәнінен 11 «А» сыныбында барлығы 1 оқушы тапсырды. Орташа балы 37. Пән мұғалімі: А.К.Абдукадырова.

Орыс әдебиеті пәнінен 11 «А» сыныбында барлығы 1 оқушы тапсырды. Орташа балы 42. Пән мұғалімі: А.К.Абдукадырова.






Таңдау пәндері бойынша білім сапасының орташа көрсеткіші 




Ұсыныс:

Физика және математика пәндері бойынша бұл пәндерде оқушылардың білім сапасы төмен болғандықтан, қосымша тапсырмалар мен практикалық жұмыстар ұйымдастыру ұсынылады. Оқушылардың қиындықтарды жеңуге көмектесетін жеке консультациялар жүргізілуі қажет.

Физика мен математикалық сауаттылықты жақсарту үшін арнайы курстар немесе пән мұғалімдерінің қосымша сабақтары ұйымдастырылсын.

Оқушылардың тапсырмаларды орындаудағы қателіктерін талдау, оларды қайталау жұмыстарына көп көңіл бөлу қажет.

География және дүниежүзі тарихы пәндері бойынша оқушылардың білім деңгейін арттыру мақсатында қосымша сабақтар мен пікірталас клубтары ұйымдастырылсын. Оқушылардың тақырыпты тереңірек түсінуіне көмектесетін интерактивті әдістер мен мультимедиялық құралдар қолдану ұсынылады. Тақырыптық қорытынды сабақтарды жиі өткізу, оқушылардың өзіндік жұмыстары мен зерттеу жобаларына назар аудару қажет.

Шетел тілі (ағылшын) пәні бойынша ағылшын тілінің сөздік қорын жақсарту үшін тілдік жаттығулар мен ойындар ұйымдастырылсын. Сабақтарды практикалық жағдайда жүргізіп, тілді күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік жасау керек. 

Құқық негіздері және қазақ тілі және әдебиет пәндері бойынша оқушылардың білім сапасын жақсарту үшін, талдау жұмыстары мен ашық сабақтар өткізілуі керек.

Оқушыларға құқықтың негіздерін түсіндіру мақсатында практикалық тапсырмалар мен нақты өмірден мысалдар беру ұсынылады.

Жалпы білім деңгейін арттыру үшін, барлық пәндер бойынша қосымша сабақтар мен курстар жүргізу ұсынылады. Бұл әсіресе төмен нәтижелер көрсеткен оқушыларға пайдалы болады.





Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:                                     Г.Н.Кунишбаева 

Мектеп директоры:                                                                            А.Н.Омишова 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив