13
январь
2025
Практикант-психологтар
https://www.instagram.com/p/DExbYnBoFjA/?igsh=MTllejdpYmRpN2xmMQ==
📚 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері тәжірибеде!
№53 мектеп-гимназиясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 6В03111 “Практик психологтарды даярлау” мамандығының 3-курс студенттері 13 қаңтар мен 8 ақпан аралығында педагогикалық іс-тәжірибеден өтеді. Іс-тәжірибеге аталған мамандықтан осы білім ордасына 9 студент бөлінді. Алғашқы күні бағыт беру конференциясы ұйымдастырылып, студенттер мектебіміздің тыныс-тіршілігімен танысты. Сонымен қатар, психологтың жұмыс құжаттарымен танысып, әр студентке бөлініп берілген сынып оқушыларымен танысудан басталды. Сынып оқушыларымен танысу барысында практикант студенттер психологиялық жаттығулар жүргізді.
Практика жоспары толықтай құрылып, жүйелі жұмыс жасауға дайындалды. Студенттердің жетекшісі – Момбиева Гулмира Абуовна.
Суретте 6 “Б” сыныбымен танысу барысынан көрсетілген. Сыныпқа тренингті Махмуд Айнур өткізді. Танысу барысында “Өзіңді мақта” жаттығуы ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты. Ерекше көзге түскен оқушылар: Анеля, Аида, Медина, Биясыл болды.
Алдағы уақытта болашақ мамандарымызға сәттілік тілейміз!