28
октябрь
2024
Алматы қаласындағы білім беру ұйымдарындағы алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің өзекті мәселелері бойынша жиналыс өтті
Алматы қаласындағы білім беру ұйымдарындағы алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің өзекті мәселелері бойынша жиналыс өтті2024 жылғы қазанның 28-і күні Алматы қаласында білім беру ұйымдарындағы алғашқы әскери және технологиялық дайындық (АӘжТД) пәнінің өзекті мәселелерін талқылауға арналған жиналыс өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – осы пәнді оқыту барысында кездесетін мәселелерді анықтау, оқушыларды патриоттық бағытта дамыту жолдарын талқылау және АӘжТД пәнін жетілдіру.
Жиналысқа бірқатар құрметті қонақтар қатысты, атап айтқанда:
1. Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы – Сайфеденов Сайран Тапенұлы.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысы басқармасының офицер идеологы
капитан Полатбек Гүлмира Нұрбекқызы
3. Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, әскерге шақыру бөлімінің басшысы – майор Абдрайымов Еркебай Оразбайұлы.
4. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедра жетекшісі – полковник Воронин Владимир Васильевич.
5. Алматы қаласындағы Жас Сарбаз қозғалысының жетекшісі – подполковник Канатов Марат Кенжегалиевич.
Сонымен қатар, жиналысқа 200-ден астам білім беру ұйымдарының АӘжТД пәні мұғалімдері қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар Алматы қаласындағы АӘжТД пәнінің қазіргі жағдайын талқылап, оны тиімді оқыту әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасады. Бұл жиналыс қаладағы білім беру жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде АӘжТД пәнінің сапасын арттыруға септігін тигізеді деп күтілуде.