Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мемлекеттік қызметті алу»аясындағы іскер ойын.
17
февраль
2023

«Мемлекеттік қызметті алу»аясындағы іскер ойын.

«Мемлекеттік қызметті алу»аясындағы іскер ойын. Мақсаты: Оқушыларды электронды мемлекеттік қызмет көрсету жүйесімен таныстыру.
Міндеттері:
· Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ұғым қалыптастыру.
· Әкімшілік регламент ұғымымен таныстыру.
· Электронды мемлекеттік қызмет көрсету технологиясымен таныстыру.
Мемлкеттік қызмет туралы түсінік беру.
Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындары бюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің айрықша мәртебесі болады. Қызмет мерзімі ішінде мемлекеттік қызметшілерге өз өкілеттігін жүзеге асыруға керекті міндеттер мен арнайы құқықтардан бөлек әлеуметтік артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 21-бабында әрбір адамның өз елін басқаруға қатысуға құқы танылған. ҚР сол декларацияға қосылушы мемлекет ретінде өзінің әрбір азаматының Мемлекеттік қызметке кіруге деген тең құқығын Конституцияда белгіледі. Мемлекеттік қызметке үміткерге қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына қарай әртүрлі болады. Соған орай азаматтың Мемлекеттік қызметке кіруіне кедергі болатын негіздер де заңдарда көрсетіледі. Басты негізге азаматтың қасақана қылмыс үшін сотталғандығы жатады. Шет ел азаматтарының ҚР-ның Мемлекеттік қызметіне кіруіне құқы жоқ. Конституцияға сәйкес, мемлекеттік қызметкердің жасы 60-тан, ерекше жағдайларда 65- тен аспауы тиіс екендігі көрсетілген. ҚР-да Мемлекеттік қызмет жүйесін саяси әкімшілік болып екі санатқа бөлінген лауазымдар құрайды. Саяси лауазымға мемлекеттік саясатқа ықпалды жоғары лауазымдар жатады, қалған лауазымдар әкімшілік санатта одан әрі жіктеледі.
2. Әкімшілік регламент ұғымымен таныстыру және әкімшілік рәсімдер заңы шағын түсінік беру.
3. Электронды қызмет көрсету технологиясы.
Электрондық үкіметті қалыптастырудың бірінші кезеңі – ақпараттарды жариялау және тарату.
Екінші кезеңінде - мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара қарым-қатынасына тікелей және қайтармалы жолды интерактивті қызмет ұсынады.
Үшінші кезеңі - қаржылық және заң операцияларын үкіметтік порталдар арқылы жүзеге асыру жолымен транзакциялық қызмет көрсету.
Төртінші кезеңі - ақпараттық қоғамды толық қалыптастыру.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив