«Адал ұрпақ» клубының жұмыс жоспары, жауапты тұлғалар тағайындалып, ұжымға таныстырылды » №53 мектеп, Алматы қ. | №53 Школа г. Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адал ұрпақ» клубының жұмыс жоспары, жауапты тұлғалар тағайындалып, ұжымға таныстырылды
29
сентябрь
2023

«Адал ұрпақ» клубының жұмыс жоспары, жауапты тұлғалар тағайындалып, ұжымға таныстырылды

«Адал ұрпақ» клубының жұмыс жоспары, жауапты тұлғалар тағайындалып, ұжымға таныстырылады, сонымен қатар арнайы білім басқармасының хатына сәйкес әртүрлі қажеттіліктерге ақша жинамау туралы бұйрық шығарылып, мұғалімдер мен ата-аналар танысып, қол қойып, бұйрық көрнекі жерге  ілінеді. 

Адалұрпақ - қоғамдық тәртіп негізі. Мақсаты: Оқушыларға өмірде ата - анаға, досқа адал бола білуге баули отырып, әр адамның адал ісі мен адамдығы көрінетінін білуге тәрбиелеу. Барысы: Адамның ниеті, ойы, іс - әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез - келген адамның өз қолында.Мектеп қызметкерлері мен жұмысшылары қызметтік әдеп кодексімен таныстырылып жалпы «Адал ұрпақ» ұйымының жұмыс тәртібі таныстырылды. Ол жерде:рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Тұжырымдамалық тәрбиелеу негіздеріне сәйкес дайындалған және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқитын балаларға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыруды қамтитын тәрбие жұмысын жүргізу тәртібін белгілейтіндігі айтылды.

 Әрбір оқу жылында жаңартылып отыратын «Адал ұрпақ» бұрышы жасалып, жауапты адамдар жоспарға сай жұмыстар жүргізді. Қазіргі кезде, жалпы бұл ұйымда  534  бала мүшелік етеді. Бұл «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының жетекшісі – аға тәлімгер  Абиыр Алтынбек Берікұлы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары –Жиганбаева Мадина қадағалайды. Мектеп регламент пен стандартты сақтай отырып қызмет көрсетеді және мектеп сайтына орналастырылып отырады. Ұйымның ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметіне байланысты сыбайлас жемқорлық  тәуекелдерін анықтау бойынша мүдделер қақтығысы, жалпы қызметкерлер мен басшы арасында және оның орынбасарларымен үлестестік фактілер болған жоқ, ұжым тұрақты. 


 Сонымен қатар, Адал ұрпақ "Парасат" бұрышы 

«Парасатты азамат» бұрышы

Парасатты азамат бұрышының мақсаты:оқушыларды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне кұрметті, адамгершілік сезімдерге, еңбексүйгіштікке, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетіне тәрбиелеу. 

«Парасатты азамат» бұрышы үнемі жаңартылып отырылуы керек.

Міндеттері:

-Балалардың заң жайындағы, еліміздегі облыс, аудан бойынша жемқорлыққа қарсы күресінің жағдайытуралы өрісін кеңейту;

-Оқушылардың оқу-тәрбие барысының нәтижелерін көтеру;

-Ата-аналармен  жұмысты нығайту;

-Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін кеңейту.

«Парасатты азамат» бұрышын жасауына  арналған талаптар:

-Ақпараттық-ағарту материалдар балардың адамгершілік қағидаларын, жемқорлыққа деген көзқарасын қалыптасуына бағытталсын;

-Ақпараттық-ағарту материалдары  мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынасының  маңызын және құқығы мен міндеттерін білуге, құқықтық ережелерді орындалуының қажеттілігі және сыбайлас жемқорлық қоғамға қауіпті екенін ұғындыруға бағдар берсін;

-Ақпараттық-ағарту материалдары оқушылардың әдебиет пен өнер туындыларының әсемділігін түсінуге ықпал етуге, айналаға деген жақсы көзқарас және патриоттық сезімдерін тәрбиелеуге бағдар берсін;

Нәтижесінде:

-«Адал ұрпақ» еріктілер клубының белсенділері өздерінің жетістіктері мен табыстарын мақтан тұтады;

-Оданда жақсы, табысты болуға тырысады;

-Олар өздерінің шығармашыл, ынталы іс-әрекеттерімен «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмысына және  бұрыштың безендіруіне пайдасын тигізеді;

«Парасатты азамат» бұрышында эмблема, әнұран, және «Адал ұрпақ» еріктілер клубының ұраны болуы қажет.

Ата-аналар үшін мұнда«Адал ұрпақ» еріктілер клубының іс-шараларының жетістіктері, фотосуреттер және балалар суреттері, шығармалары,  жоспарлары да  орналастыру керек.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив