Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білім алушылардың көшеде және жолдарда жүрудың негізгі ережелерімен таныстыру»
09
сентябрь
2022

«Білім алушылардың көшеде және жолдарда жүрудың негізгі ережелерімен таныстыру»

Тақырыбы: «Білім алушылардың көшеде және жолдарда жүрудың негізгі ережелерімен таныстыру»
Уақыты: 01-09.09. 2022ж 
ЖЖЕ оқытудың ұйымдастырылуы бойынша 2022ж. басын  Жолда жүру ережелерін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету мақсатымен Алматы қаласы Медеу ауданы ПБ ӘТБ бастығы полиция майоры Имангазиева Ренат Жақыпжанұлы мен полиция майоры Кабдирашидова А.К. бірнеше дәлелдемелер мен айғақтар арқылы түсіндірме жұмыстар жүргізді. 
«Білім алушылардың көшеде және жолдарда жүрудың негізгі ережелерімен таныстыру» 
1. Тек жаяу жүргіншілерге арналған жолмен ғана жүріңіз!
2. Көшені ескерту немесе «жаяу жүргіншілер өтпелі» деген арнай белгі тұрған жермен ғана қиып өтіңіз. Ал ондай белгілер жоқ болса, жүргіншілерге арналған жол бойымен қиылысқан жерден кесіп өтіңіз.
3. Көшеден өтетін кезде – солға, ал ортасына келгенде оң жаққа қараңыз!
4. Көлік қозғалысы реттелетін көшелерде және жолдарда, жүріс бөлігін тек бағдаршамның жасыл белгісі жанғанда немесе қозғалысты реттеуші жүруге рұқсат берген кезде ғана кесіп өтіңіз.
5. Жақын келе жатқан көліктің алдын кесіп өтпеңіз!
6. Жолдың торабы немесе өтетін жер көрінбеген жағдайда, көшені жолдың шетінен оң жаққа қарай қиып өтуге және екі бағыт та анық көрінетін жермен кесіп өтуге болады.
7. Жолдан өтіп үлгермеген жаяу жүргіншілер қарама-қарсы бағыттағы көлік ағынын бөлетін сызықта тоқтап тұруы керек. Көшеден өтуді тек қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізген жағдайда және бағдаршамның жасыл белгісі жанғанда ғана жалғастыра аласыз.
8. Аялдамада тұрған автобусты немесе троллейбусты тек өтуге рұқсат етілген орындарда ғана айналып өтіңіз, бірақ сонда да сақ болыңыз. Мұндай көлік құралын алдынан немесе артынан айналып өту қауіпті.
9. Жолдың бойында ойын ойнамаңыз және көшеде конькимен, шаңғымен және шанамен сырғанамаңыз.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив