16
ноябрь
2022
Цифрлық сауаттылық пәнінен Мисебай Арманбек «Пернетақта симуляторы» тақырыбында 2 ”Б” сыныбында ашық сабақ өткізді.
Цифрлық сауаттылық пәнінен Мисебай Арманбек «Пернетақта симуляторы» тақырыбында 2 ”Б” сыныбында ашық сабақ өткізді.Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғыны, яғни пернетақтаны көп адам күнделікті пайдаланады. Пернетақтада жұмыс жасау ыңғайлы болу үшін, оның оң және сол аймаққа бөлінетінін білуіміз керек. Сондай-ақ біз пернені басқанда әріп пен символды шатастырмай, жылдам әрі дұрыс теруіміз қажет. Ол үшін пернеқта симуляторы программасын пайдаланған ыңғайлы. Бұл программаның негізгі қызметі- барлық саусақтар көмегімен мәтінді тез теруге үйрету . Осы тақырып аясында оқушыларға мәтінді тез теруді үйреттік. Балалар пернетақтаның қосымша пернелерімен таныс болды. Практикалық тапсырмалар орындап, жылдам теруге машықтанды.