Бракераждық комиссия #53 мектеп-гимназияға қарасты асханаға барды » №53 мектеп, Алматы қ. | №53 Школа г. Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бракераждық комиссия #53 мектеп-гимназияға қарасты асханаға барды
06
сентябрь
2022

Бракераждық комиссия #53 мектеп-гимназияға қарасты асханаға барды

«Ас – адамның арқауы». Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі болса, дұрыс тамақтанбау өміріңе қауіп те төндіруі ғажап емес. Осы мәселелерді көтеріп жүрген тамақтың сапасын тексеру жөніндегі бракераждық комиссияны бастапмектеп директоры Омишова Асем Нурмуханбетовна және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары М.К. Жиганбаева, Т. А. Аргынбаев, әлеуметтік педагог А.А. Қалбергенова, Кәсіподақ ұйымының төрайымы Қ.Т. Тоқтақын, мектеп медбикесі А.Г. Аманбаева, қамқоршылық кеңесінің мүшесі Т.А. Сматаева, мектептің ата-ана комитетінің төрайымы Н.Б. Нүсіпхан #53 мектеп-гимназияға қарасты асханаға барды. Қоңыраудан кейінгі асхананың іші, ыдыс-аяқ, басқада асхана заттары таза және жинақы болып тұрды. 

Бүгінгі ас мәзірінде рагу (сиыр етінен), с дәруменi қосылған кептiрiлген жемiс-жидектерден жасалған компот, қара бидай наны болды. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнiмдердiң атаулары мен салмағы пайдаланылған рецептуралар жинақтарында көрсетiлген атауларға сәйкес. Басқа да тамақ өнiмдерiнiң жарамдылық мерзiмдерi және оларды сақтау шарттары өндіруші (дайындаушы) белгiлеген жарамдылық мерзiмдерiне сәйкес келдi. Асханашылар үстiндегi киiмдерi, бас киімі барлығы санитарлық-гигеналық талаптарға сай.

Бүгінгі күні бастауыш сыныпта 296 жасөспірім (1, 2, 3, 4 сынып), атаулы әлеуметтік көмек үлесінен 53 бала ыстық тамақпен қамтамасыздандырылған.

– Оқушылардың дұрыс тамақтануы денсаулығының жетістігі және қалыпты дамуының кепілі болып табылады, - дейді мектеп медбикесі А.Г. Аманбаева
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив