05
июнь
2022
Референдум өтуде
Бүгін, 5 маусымда, Ата Заңымызға өзгеріс енгізу мақсатында, тарихи оқиға- референдум өтуде. Алматы қаласы, Медеу ауданы, #53 мектеп- гимназиясында #367-368 сайлау учаскілері осы маңызды шараға ат салысуда. Белгіленген учаскілерге кәмелет жасқа толған азаматтарымыз бен азаматшаларымыздан бастап, тоқсанды еңсерген еңкейген қарттарымызға дейін ел ертеңі үшін таңдау жасап, дауыс беруде. Сонымен қатар, елімізге танымал тұлғалар актер Алмат Сақатов, әнші-актер Шер Әли сынды азаматтарымыз келіп дауыс берді. Сондай-ақ, Медеу ауданы әкімінің орынбасары Сәкен Аралбаев та жұбайымен біздің #367 сайлау учаскімізге келіп, өз таңдауын жасады. Осындай асыл азаматтарымыз ел болашағына сенім артса, Жаңа Қазақстанның болашағы сөзсіз жарқын болары хақ.

