28
октябрь
2021
"Кальмар ойыны" сериалының зардабын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бүгін мектебімізде аты шулы “ Кальмар ойыны” сериалының, соның негізінде пайда болған құйтырқы ойынның зиян әрі пайдасыз екендігін оқушы санасына сіңдіру мақсатында 7-сынып оқушылары арасында жиналыс өтті. Бұл жиынды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Арғынбаев пен мектеп психологы А. Маликовна өткізді. Жиында оқушыларға бұл сериалдың денсаулық пен тәрбиеге кері әсер ететіндігі түсіндіріліп, адам болмысына тікелей нұқсан келтіретіні айтылып, психологияны бұзып, түп сананы өзгертетіні жайлы айтылды. Бала тәрбиесі- ұлт болашағы. Болашақтың бұлыңғыр болмасы үшін баламыздың әрбір әрекетіне мектеп те, ата-ана да жауапкершілікпен қарайық.