Бракераждық комиссия
Мектеп-гимназиямыздың директоры Омишова Асем Нурмуханбетовна бракераждық комиссия мүшелерімен бірге мектебіміздегі асхананың тазалығы мен тамақтандырудың сапалық құрамын, мәзір мөлшеріне тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында ас дайындайтын, сақтайтын орындарға кіріп, азық-түліктің сақтау мерзімі, сақталу орны мемлекеттік нормаларға сай келетініне, құжаттық қағидаттарды сақтайтынына көз жеткізіп ризашылығын білдіріп, оң бағасын берді.