Материалы за Февраль 2021 года » №53 мектеп, Алматы қ. | №53 Школа г. Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Февраль 2021 года
Жетістіктеріміз!
27
февраль
2021
Жетістіктеріміз!
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен  қалалық пәндік олимпиадасында  география пәні бойынша мектеп-гимназиямыздың дарынды оқушылары бақ сынап, жүлделі I, II, III орындарды иеленді. Алда алар саулары әлі де көп. Жеңістерің құтты болсын! @almatydaryny @edu.almaty @akimat_medeu @medeu_roo
"Ана тілі  - құламайтын бәйтерек" атты онкүндік
26
февраль
2021
"Ана тілі - құламайтын бәйтерек" атты онкүндік
"Ана тілі- құламайтын бәйтерек" тақырыбындағы онкүндік барысында ақпан айының 26 күні қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі  Меруерт Бекеновна 9 "Ә" сыныбының қазақ әдебиеті пәнінен Ғ.Мүсіреповтың "Ұлпан" романындағы Ұлпан бейнесі тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақ барысында романды егжей-тегжейлі талқылады. Бұл романның тәрбиелік мәні мен жастарға деген автордың айтар ойын, әр оқушының түсінгені бойынша талқылап, ортақ қорытынды жасалды. @edu.almaty @akimat_almaty @akimat_medeu
Онкүндік жалғасуда....
26
февраль
2021
Онкүндік жалғасуда....
"Ана тілі  - құламайтын бәйтерек" атты қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігінің онкүндігі аясында, тіл майталманы, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ибраймкулова Гауһар Нурдановна "ZOOM" платформасында онлайн форматта  "Бұқаралық ақпарат құралдары" тақырыбында 9 "Б" сынбымен  ашық сабақ өткізді. Сабақ жоғары деңгейде өтті. #53мектепгимназия #ашықсабақ #онкүндік #қашықтықтаноқыту #қазақтіліонкүндігі @edu.almaty @akimat_almaty @akimat_medeu @medeuustaz @medeu_roo
Өрт қауіпсіздігі
24
февраль
2021
Өрт қауіпсіздігі
1- наурыз Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күніне орай #53 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқушылары түрлі тақырыптарда сурет салды. "Өрт қауіпсіздігі", "Жолда жүру ережесі" деген тақырып аясында сурет көрмесі өтті. #өртқауіпсіздігі #өртсөндіруші #53мектепгимназия #өрттенабайболыңыздар #жолдажүруережесі #жолбелгілері @edu.almaty @akimat_almaty @akimat_medeu @medeuustaz @medeu_roo @dchs_almaty
Мұқағали Мақатаев 90 жас!
24
февраль
2021
Мұқағали Мақатаев 90 жас!
Поэзия әлемінің жарық жұлдызы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев - 90 жаста. Айтулы дата еліміздің барлық өңірінде өз деңгейінде атап өтілді. Соның бірі - #53 мектеп-гимназиясында өтіп жатқан  қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігінің  "Ана тілі - құламайтын бәйтерек" атты онкүндіктің аясында, тіл маманы Меруерт Бекеновна өз шәкірттерімен Мұқағалиға арнап бейнеролик дайындады. Қабыл алыңыздар! @edu.almaty @akimat_medeu @medeuustaz @medeu_roo
Жетістіктеріміз!
22
февраль
2021
Жетістіктеріміз!
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және Алматы қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау науқанына белсене қатысқанына Алматы қаласы аумақтық комиссиясының төрайымы Ж.Асанова #53 мектеп-гимназиясының директоры Омишова Асем Нурмуханбетовнаға өз алғысын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады. @akimat_almaty @akimat_medeu @medeuustaz @medeu_roo
Мұғалім жетістігі!
16
февраль
2021
Мұғалім жетістігі!
🔴ҚР-ның  Парламент Мәжілісі мен Мәслихаттары депуттаттарын сайлау кезінде "Nur Otan" 🇰🇿 сайлау науқанына белсенді атсалысқаны үшін №53 мектеп-гимназия директорының орынбасары Сргабаева Балжан Баймукановнаны және мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нусупбекова Меруерт Бекеновнаны "Nur Otan"🇰🇿 партиясы төрағасының бірінші орынбасары Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы алғыс хатпен марапаттады. 🇰🇿@edu.almaty 🇰🇿@nur_otan 🇰🇿@nur_otan_almaty ✅@akimat_medeu ✅@medeuustaz ✅@medeu_roo
"1 наурыз - азаматтық қорғаныс күні!"
16
февраль
2021
"1 наурыз - азаматтық қорғаныс күні!"
№53 мектеп-гимназиясында 2021 жылдың 16 ақпанында 1 наурыз -  азаматтық қорғаныс күніне байланысты кезекші 9-сыныптарға "Жарақаттану кезіндегі алқашқы көмек қалай көрсетіледі?" тақырыбында мектеп-гимназияның медбикесі Аманбаева Гулбану және АӘТД пәнінің мұғалімі Кудабек Елтінді практикалық сынып сағатын өткізді. Оқушылар жарақат кезіндегі алғашқы көмекке байланысты қызықтырған сұрақтарына жауап алды. @edu.almaty ✅ @akimat_almaty ✅ @akimat_medeu ✅ @medeu_roo✅ @dchs_almaty ✅ @dchs__ ✅
"1 наурыз - азаматтық қорғаныс күні!"
16
февраль
2021
"1 наурыз - азаматтық қорғаныс күні!"
№53 мектеп-гимназиясында 2021 жылдың 16 ақпанында 1 наурыз -  азаматтық қорғаныс күніне байланысты кезекші 9-сыныптарға "Жарақаттану кезіндегі алқашқы көмек қалай көрсетіледі?" тақырыбында мектеп-гимназияның медбикесі Аманбаева Гулбану және АӘТД пәнінің мұғалімі Кудабек Елтінді практикалық сынып сағатын өткізді. Оқушылар жарақат кезіндегі алғашқы көмекке байланысты қызықтырған сұрақтарына жауап алды. @edu.almaty ✅ @akimat_almaty ✅ @akimat_medeu ✅ @medeu_roo✅ @dchs_almaty ✅ @dchs__ ✅