Материалы за Декабрь 2020 года » №53 мектеп, Алматы қ. | №53 Школа г. Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Декабрь 2020 года
"BB family charity" қайырымдылық жобасы!
29
декабрь
2020
"BB family charity" қайырымдылық жобасы!
Он адам жүрген жерде із қалады, Жүз адам жүрген жер – соқпақ, Мың адам жүрген жерде жол қалады.       Бүгінгі күннің қайырымдылық ісін осы мақал-мәтелмен жеткізсек артық болмас.   Өскелең ұрпаққа үлгі көрсетіп, мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін  алға тартып,  2020 жылдың 29 шы жұлдызында  Халықаралық Бизнес Университетінде Медеу ауданы әкімдігінің қолдауымен, Медеу аудандық білім бөлімі және "Білімді Болашақ" зияткерлік қосымша білім беру мектебімен серіктестік аясында "BB family
Жетістіктер!
26
декабрь
2020
Жетістіктер!
       Мектебіміздің биылғы жылғы түлегі, әдебиетке жаны жақын, қазақтың қара өлеңінің майын ішкен, ақындықты шын жүрекпек сүйетін, Абай оқуларының аудандық, қалалық жүлдегері  Қасқарбек Аружан биылғы жылғы қалалық байқаулардан да құр алақан қалмады.            VII қалалық "Ақберен" өнер байқауына "Ақындар мүшайрасы" номинациясы бойынша қатысып, қанжығасы майланып, ІІ дәрежелі дипломға ие болса, дәл осы номинация бойынша ІІІ қалалық "Қадыр оқулары - 2020"  байқауының Бас жүлдесін қоржындағы
Жетістіктер!
24
декабрь
2020
Жетістіктер!
    Бокс- төбелес емес, түсіне білген адамға үлкен өнер, үздіксіз жаттығу, ерен еңбек!         Бокс (ағылшынша box – қорап) – арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі.  №53 мектеп-гимназиясының көптеген оқушылары, тіпті қыз балаларымыз да осы спорт түріне асқан қызығушылықпен қатысады. Жай ғана қатысып қоймай, аудандық, қалалық, Республикалық жарыстардан, турнирлерден  жүлделі орындар алып,  қанжығамызды толтыруда.       Қазақстан Республикасының
Жетістіктеріміз!
23
декабрь
2020
Жетістіктеріміз!
          Тәуелсіздік  – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік.     Қазақстан  Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Алматы қаласы Медеу ауданы ұйымдастырған   «Менің Қазақстаным!» тақырыбына жазылған  эссе байқауынан   9 "Ә" сыныбы Қажиакбарова Айшагүл   ІІ орынды иеленді. Оқушының озық ойын, шығармашылығын, әдеби көзқарасын шыңдап, мәнді, мағыналы жұмысына жетекшілік еткен  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
"Кеш қалма" кітабының ашылу салтанаты
23
декабрь
2020
"Кеш қалма" кітабының ашылу салтанаты
14.10.2020 жылы Алматы қаласы, Жамбыл атындағы "Жасөспірімдер" кітапханасында Торғын Жолдасбекқызының "Кеш қалма " кітабының ресми түрде тұсауы кесілді. Аталмыш әдеби кеш сурет галереясымен ерекшеленді. Сурет галереясына қылқалам шебері, талантты суретші #53 мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәнінің мұғалімі, Еуразия шығармашылық гильдиясының мүшесі, гильдия төс белгісінің иегері Жұмаханов Асхат Мукатовичтың туындысы қойылды. Картиналар келген қонақтардың жүрегіне жол тауып, жоғары бағаға ие
Covid-19 індетіне қарсы профилактикалық іс-шаралар
22
декабрь
2020
Covid-19 індетіне қарсы профилактикалық іс-шаралар
Covid-19 індетіне қарсы профилактикалық іс-шаралар      Covid-19 індетінен, жалпы көптеген жұқпалы ауралардан сақтану шараларын  басты назарда ұстау керектігі баршамызға белгілі. Оқушылардың  денсаулық сақтау қауіпсіздігін ескере отырып, 22.12.2020 жылы мектебімізде барлық сыныптарда « Covid-19 індетіне қарсы профилактикалық іс-шаралар»  тақырыбында сынып сағаттары болып өтті.       Сынып сағатын мақсаты:  Covid-19 індетіне қарсы профилактикалық іс-шараларды бұлжытпай орындау,аурудың алдын-алу
Covid-19 індетіне қарсы профилактикалық іс-шаралар
22
декабрь
2020
Covid-19 індетіне қарсы профилактикалық іс-шаралар
               II тоқсанның аяқталып қалғаны баршамызға белгілі. Алдымызда қысқы демалыс, жаңа жылдық мереке. Осыған орай оқушылардың денсаулық сақтау қауіпсіздігін ескере отырып, 22.12.2020 жылы мектебімізде барлық сыныптарда «Covid-19 індетіне қарсы профилактикалық іс-шаралар» тақырыбында сынып сағаттары болып өтті.  Сынып сағатын өткізудегі басты мақсат: Оқушылардың денсаулығын басты назарда ұстау, Covid-19 індетіне қарсы профилактикалық іс-шараларды орындау.            6 «Б» сыныбының сынып
Жетістіктер!
22
декабрь
2020
Жетістіктер!
       Физика пәні бойынша  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘРБИЕШІЛЕР мен ЗИЯТКЕРЛІК БАЛАЛАР ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫ ұйымдастырған ІІІ Халықаралық  пәндік олимпиадаға мектебіміздің  8 «Ә» сынып оқушысы Жамбыл Анель Маратқызы қатысып І дәрежелі дипломды иеленді.           Оқушының жетістікке жетуіне, шығармашылық дамуына үлес қосып жетекшілік етіп жүрген физика пәнінің мұғалімі Серікбай Улмираға зор алғыс білдіреміз! 
Жетістіктер!
21
декабрь
2020
Жетістіктер!
         «Өзіңді өзің танысаң – істің басы» деп Шәкәрім айтқандай өзін өзі тану пәні арқылы балалар өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарды шешуге, өз ойын ашық айтуға, пікірін, сезімін, көңіл күйін жеткізе білуге, өз мүмкіндігін жүзеге асыруға, адами қарым-қатынас жасауға, денсаулығын сақтауға, жақсы қасиеттерін ашуға үйренді. Өзін өзі тану пәні мәні жағынан, оқушылардың қабылдау, түй­сіну, білім, білік дағдыларын іштей тұтастырып, оларды ер­кін қолдана алуға үйретумен ерекшеле ніп жүрген
Жетістіктеріміз!
21
декабрь
2020
Жетістіктеріміз!
       Жас маманның кәсіби құзыреттілігі рухани жағынан дамыған, педагогикалық құралдардың барлық түрін меңгерген, өзін әрдайым кәсіби тұрғыдан жетілдіріп отыратын шығармашыл тұлға болуында. Егер педагог шығармашыл болса, ол тәрбиелеген бала да шығармашылық әрекеттерге бет бұрады.          2020 жылдың қыркүйек айынан бастап ұстаздық қызметіне кіріскен жас маман, математика пәнінің мұғалімі Ахыметбек Айтмухамет жайлы ерекше айта кетсек артық болмас. Оқушылардың қашықтықтан оқып жатқанына