Мұхтар Шаханов оқуларына қатысқан оқушыларымыз
"Заманымыздың заңғар ақыны Мұхтар Шаханов биыл 75 жасқа толады. Ел ағасының мерейтойы қарсаңында бүгін Алматы облысы, Талғар қаласындағы "Агробизнес және менеджмент колледжінде" Республикалық "Мұхтар Шаханов оқулары" ұйымдастырылды. Поэзия кешіне аудандар мен қала мектептерінің шәкірттері қатысып, қайраткер қаламгердің шығармаларын дәріптеп, өзара сынға түсті.
Тар заманның тайғақ кешулерінде жалынды жырларымен күркіреп шыққан Мұхтар Шаханов қазаққа патриоттық рухқа толы өлеңдерімен бағалы. Жыр сүйер қауым бүгін тарланбоз ақынның ел арасында көп таралған ойлы шумақтарына тағы бір саяхат жасады. Өлең мерекесіне 8 бен 16 жас аралығындағы 140-қа жуық мектеп оқушысы қатысты.
МҰХТАР ШАХАНОВ, Ақын:
- Өлең оқу, бұл ән айту сияқты, одан да күрделі өзінше өнер. Оның ішінде жақсы оқып жатқан балалар бар, ниеті бар, көңілі бар, барлығы дұрыс, бірақ бір өлеңнің ішінде үлкен оқиғалар, әртүрлі идеялар беріледі ғой, соны түсінудің өзі жақсы. " - деді 31 арнаның жаңалықтарына берген сұхбатында.
№53 мектеп -гимназиясынан 7 оқушымыз қатысты. Жетекшісі бірнеше республикалық және қалалық көркемсөз оқуларының бас жүлдегерлерін дайындап жүрген жас ұстаз, "көркемсөз" үйірмесінің жетекшісі , мектеп менеджері -Ерқасым Айжан Мұхтарқызы. Республикалық М.Шаханов оқуларынан мектебіміздің 2 сынып оқушысы - Жәнібекқызы Кәусар ІІ -дәрежелі орынды иеленді. Қалған оқушыларымыз алғыс хат пен бағалы сыйлықтарға ие болды.