25
сентябрь
2019
"Ана тілі-құламайтын бәйтерек"
Ана-тілі – әр ұлттың қастерлі құндылығы. Көп ұлтты Қазақстанда барлық халық өкілдеріне өздерінің салт-дәстүрін, ана тілін ұмытпауға, сақтауға және дамытуға мүмкіндік жасалған. Қоңыр күздің жетегінде келетін Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі-кең байтақ қазақ даласын тіл салтанаты кернейтін сәт.Тілдің қай қоғамда, қандай елде болмасын орны бөлек. Тіл болмаса, тірліктің де мәні жоқ. Тіл туралы терең ойлану қоғам үшін, қоғамның әр азаматы үшін парыз болып саналады. Еліміздің түкпір-түкпірінде тілге арналған сан түрлі шаралар өткізіліп жататыны белгілі, олардың мақсат-міндеттері де түрлі. Мұндай шаралардан біздің оқу орны да қалыс қалмайды 24.09.2019 жылы Школа-гимназия №53сында Қазақстан Республикасы халқының тілдер күніне арналған "Ана тілі - құламайтын бәйтерек" атты тақырыбында мерекелік кеш өтті.