27
январь
2021
Информатика пәнінен ашық сабақ!
👩🏫📚 27.01.2021 жылы #53 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі, жас маман, педагог-сарапшы Нүсіпова Гауһар Нұрланқызы информатика пәнінен, 9 "Б" кезекші сыныбымен "Элементтердің орнын ауыстыру" деген қызықты тақырыпта жоғары деңгейде ашық сабақ өткізді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар ағымымен жақсы таныс тұлға өз тәжірибесімен бөлісті. Мұғалімнің жұмысы сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, әдістемелік жағынан жақсы құрылған. Сабақтың басында эмоциялық көңіл-күй оқушылар үшін жақсы жұмыс қарқынына түрткі болды. Гаухар Нұрланқызы жұптық және жеке жұмысты пайдаланды. Оқушылар практикалық жұмыстар орындады. Сабақтың әр кезеңінде педагог оқушылармен кері байланыс алды. Сабақ өз мақсатына жетті.✅💯 #53мектепгимназия #ашықсабақ #онкүндік #қашықтықтаноқыту #онлайн #кезекшісынып #жаратылыстану_апталығы @akimat_almaty @akimat_medeu @medeuustaz @medeu_roo
@nursultan_gauhar
@nursultan_gauhar