11
январь
2021
Үшінші тоқсан басталды.
#53 мектеп-гимназиясында үшінші тоқсанның сабақтары кезекші сыныптар үшін дәстүрлі форматта сәтті басталды. Таңсәріден кіреберісте олардың дене қызуы өлшеніп, әлеуметтік арақашықтықты сақтау талаптары ескертілді. Оқушылардың әрқайсысы медициналық бетперде тағып жүреді. Кезекші сыныптарда міндетті түрде 15 баладан оқытылады. Сырттан алып келген оқушылардың ата-аналары сырттан қайтарылады. Сыныптардағы, парталардағы арақашықтық бір жарым метр арасында сақталынады және кабинетке кірген бетте төсеніш кілемшелер, антисептиктер орнатылған. Алдағы уақытта 9 және 11-сынып оқушыларына мектепке келіп білім алуы жоспарланып отыр. #53мектепгимназия #бізбіргеміз #қашықтықтаноқыту #дәстүрліоқуформаты @akimat_almaty @akimat_medeu @medeuustaz @medeu_roo