21
декабрь
2020
Наши достижения!
Жас маманның кәсіби құзыреттілігі рухани жағынан дамыған, педагогикалық құралдардың барлық түрін меңгерген, өзін әрдайым кәсіби тұрғыдан жетілдіріп отыратын шығармашыл тұлға болуында. Егер педагог шығармашыл болса, ол тәрбиелеген бала да шығармашылық әрекеттерге бет бұрады.
2020 жылдың қыркүйек айынан бастап ұстаздық қызметіне кіріскен жас маман, математика пәнінің мұғалімі Ахыметбек Айтмухамет жайлы ерекше айта кетсек артық болмас. Оқушылардың қашықтықтан оқып жатқанына қарамсатан, оқушыларды түрлі байқауларға,Республикалық онлайн-олимпиадаларға қатыстырып, жүлделі орындарды иеленіп жатқандығы, Аймухаметтің шығармашыл, білікті маман екендігін аңғартады.
Жүлделі орын алған оқушылар, атап айтсақ 6 «А» сынып оқушысы Әбілқасым Азамат, 7 «А» сынып оқушылары Жусипова Элеонора, Бейсенқожа Мадина,Алжанбай Тұмар және осы оқушылардың жетекшісі Ахыметбек Айтмухаметті ерекше құттықтаймыз. Толағай табыс, шығармашылық шабыт тілейміз!