26
октябрь
2020
"Білімнің іргетасы- бастауыш сынып"
20.10.2020 жылы #53 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Білімнің іргетасы – бастауыш мектеп» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. Апталық 19-қазан мен 29-қазан аралығына жоспарланды. Онкүндік оқушылар жұмысын ұйымдастырудың заманауи жолдарына арналды. Барлық оқушылар аса жоғары белсенділік танытып, өнерлерін арнайы платформалар арқылы көрсетті. Апталықтың жоспары: 1. Апталықтың ашылуы 2. Ашық сабақтар 3. «Шебер қолдар» көрмесі 4. "Өлең менің өмірім" мәнерлеп оқу сайысы 5. «Туған- жер тұғырың » тақырыбында шығарма жазу 6. «Білім - өмір шырағы » тақырыбындағы олимпиада байқауы 7. Апталықтың жабылуы. Бастауыш мектеп- білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Бастауыш мектептің міндеті-жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сезімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру . Ендеше,осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға- ұстаз. Осы міндеттерді абыроймен орындау үшін ұстаздар қауымы оқу –тәрбие үрдісінде жаңа әдіс –тәсілдерді қолдану керектігі анық. @akimat_almaty @akimat_medeu @medeu_roo @omishova_asem