18
май
2020
"Адалдықты мұра еткен ұлы Абай"
Жастардың бойында адалдықты, парасаттылықты сіңіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен барлық оқу орындарында тоқсан сайын «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өткізілуде.
Биылғы жылы Абайдың 175-жылдығына орай онлайн дәрістің тақырыбы – «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай». Дәріс – жас ұрпақты әділ, әрі парасатты болуға шақырған ұлы ойшылға арналды.
Аталған акция Алматы қаласы, Медеу ауданы, #53 мектеп-гимназиясының 106 оқушысын қамтыды.
@edu.almaty
@akimat_almaty
@akimat_medeu