21
август
2019
Тамыз конференциясы
Дәстүрге айналған Тамыз конференциясы-ұстаздар қауымы бас қосатын ауқымды әрі маңызды жиын. Бұл маңызды бас қосуда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: оқушыларымыздың үш тілде білім алуға бірден емес. біртіндеп көшу қажет екендігін мәлімдеді. Бұл өз кезегінде ата-аналар арасындағы үлкен уайым жібінің тарқатылып, біраз мәселенің түйінінің шешілуіне жол бастады. Сонымен қатар , мұғалімдер қауымына келетін кезекті тексерістердің азайып , олардың бар назары тек білімге ғана бағытталатыны ұстаздарды аса қуантып және төрт жыл ішінде мұғалімдер айлығының екі есеге артатыны да назардан тыс қалмайтындығын айтты.