10
апрель
2024
Қоқысты бөліп жинауды әдетке айналдырайық!
⚡️ Тазалық - мәдениетті жанға тән қасиет!
♻️ Қоқысты бөліп жинауды әдетке айналдырайық!
✅ Бүгінгі таңда қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу күнделікті тұрмыстың міндетті элементі болып отыр. Баршаға белгілі, қоқыстарды бөлек жинау барлық тұрмыстық қалдықтардан қайта өңдеу және қайтадан пайдалану үшін жарамды пайдалы материалдарды бөліп алу үшін қажет. Көбінесе қоқыстың жартысынан астамы өңделетін қалдықтарды құрайды.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау бірнеше міндеттерді шешеді:
🔰 жаһанда қоқыстың жалпы санын қысқартады,
🔰 шикізатты қайта қолдану есебінен тұтынылатын табиғи ресурстардың санын төмендетеді,
🔰 экологиялық жағдайдың жақсаруынаекінші рет қайта өңдеуге жұмсалатын шығындарды азайтады.
❇️ Мәселенің осындай шешімдерін көре отырып, мектебіміздің өзін -өзі басқару ұйымы және 10- сынып оқушылары қалдықтарды бөліп жинауға шақырады.
#Алматыбіздіңортақүйіміз #Қалабіреухалықтіреу