27
апрель
2022
Кәсіби бағдарлау: мамандықты тиімді таңдау тәсілі
Мектебіміздің психолог маманы Сади Айнұр Мәлікқызы 9«Ә» сыныбына “Кәсіби бағдарлау: мамандықты тиімді таңдау тәсілі” тақырыбында тренинг жүргізді. Тренинг барысында оқушылардың темперамент типтері мен қабылдау каналдарына сәйкес мамандықтар легін ұсынды. Оқушылар өздері оңай игере алатын, қиындықсыз алып кете алатын мамандықтарды талқылап, дарын мен қабілеттерін ашты. Оқушылардың таңдаған мамандықтарын бір жүйеге келтіріп, шешім қабылдап, мақсаттарын айқындай білу қабілеттілігін арттырды. Оқушылар жағдаяттық көріністер қойып, сұрақтарға жауап берді. Қаржылық сауаттылықтарын дамытуға кітаптар және инста-блог жүргізетін мамандар кеңестерін тыңдады. Оқушылардың кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасалды. Тренинг соңында 9-сынып оқушыларына бақылау жүргізетін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кунишбаева Гульнар Нуржумаевна көңілді тренингке жоғары дәрежеде өтілген сабақтардың бірі болғандығын айтып, пікір білдірді.