08
апрель
2022
Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі
2022 жылғы 14 сәуір күні «Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті. Жиналысқа 8-11 және 5-7 сынып қыз балалары қатысты. Жиналыс. барысында қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды жайында қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріліп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін туралы сөз қозғалды. Қыздар жиналысында қонақта 2 емхананың акушер-гинекологы Ақерке Болатқызы қыздар арасындағы қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы,денсаулыққа дұрыс күтім жасап,дұрыс тамақтану секілді түсіндірме жұмыстарын жасады. Қыз баланы тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.