08
октябрь
2021
Асханадағы тамақтың сапалық құрамын тексеру
2021 жылдың 8-қазан күні бракераждық комиссия мектеп асханасын тексеріп қайтты. Осы күнгі ас мәзірінде:балғын (свежий) қиардан жасалған салат, еттен жасалған котлет,күріш,ара балы және сок болды. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің атаулары рецептуралар жинақтарында көрсетілген атауларға сәйкес. Басқа да тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері және оларды сақтау шарттары өндіруші (дайындаушы) белгілеген жарамдылық мерзімдеріне сәйкес келді. Оқушылардың барлығы әр қоңырауда келіп,тамақтану кестесі бойынша тамақтанады. Пісірілген тағамдар нәрлі әрі балғын. Бірақ тексеріс барысында І-ауысымда тамақтанып отырған оқушылардың тағамдарының салмағын өлшеу кезінде котлетпен күріштің салмағы берілетін нормаға сай болмады, 1-4 сынып оқушыларына берілетін котлеттің салмағы 65-70 гр көрсетіп тұр. Мектеп директоры аспазшыға қатаң ескерту берді.Асхананы қадағалау жұмыстарын одан әрі күшейтуді мектептің әлеуметтік педагогы А.А. Метербай және мектеп медбикесі Г.Аманбаева мен директордың тәрбие орынбасарларына жүктеді.