01
декабрь
2021
1 желтоқсан- Тұңғыш Президент күні
Республика сарайында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың күні құрметіне орай мерекелік концерт өтті.
Іс-шараға ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қаланың құрметті тұрғындары, ардагерлер кеңесінің, қоғамдық бірлестіктердің, жастар мен балалар ұйымдарының мүшелері шақырылды. Аталған іс- шараға мектебіміздің директоры Омишова Асем Нурмуханбетовна да қатысты.
Концерт басталар алдында көрермендерге Елбасының мемлекеттілікті қалыптастыру мен нығайтудағы ерекше рөліне арналған ролик көрсетілді.
Концертте Роза Рымбаева, Әлішер Кәрімов, «МузАрт» музыкалық тобы, «Кешью» тобы және басқа да қазақстандық әртістер өнер көрсетті. Н. Назарбаев жазған әндер, сондай-ақ Тұңғыш Президенттің өмірі мен қызметіне арналған шығармалар орындалды.